Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 79

Жау құртқан «жүзім бұтасын» қалпына келтіруді сұрау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Асафтың жыры.)

2 Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,

Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.79:2 Яғни Исраил халқын. (Жүсіп Жақыптың (Исраилдің) ұлдарының арасында тұңғыштық құқыққа ие болды. Оның аты кейде бүкіл халықты білдіру үшін де қолданылатын.)

Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,

Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы.79:2 Мыс 22:17-22; 40:34; Шеж2 5:7-10,13-14.

3 Ефрем, Бунямин, Манаса руларының

Көз алдында зор күшіңді көрсетші,

Өзің келіп, бізді құтқарсаң етті!

4 О, Құдай, бізді қайтаршы өз жолыңа,

Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,

Құтқарылатын боламыз осылайша.

5 Уа, Жаратқан, Әлемнің Иесі — Құдайсың,

Қашанғы өз халқыңа ашуланасың,

Мінажаттарымыздан мүлдем бас тартасың?

6 Сен халқыңды көз жасымен тойындырдың,

Иә, көз жасымен шөлімізді әбден қандырдың,

7 Сөйтіп мазақтаттың бізді көршілерімізге,

Дұшпандарымыз табалап келекелеуде.

8 Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,

Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,

Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,

Құтқарылатын боламыз осылайша.

9 Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,

Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,

Солардың орнына бізді отырғыздың.79:9 79:15-16; Иш 5:1-2,7; Ерм 2:21; Езк 17:6.

10 Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,

Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді,

11 Оның көлеңкесі тауларды жапты,

Сабақтары зор самырсындарды басты.

12 Бұтақтары созылды теңізге дейін,79:12 Яғни елдің жері батысындағы Жерорта теңізінің жағасына дейін ұласты.

Өркендері — Евфрат өзеніне дейін.

13 Енді неге қоршаған дуалын қираттың?

Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін,

14 Орман қабаны түбін қазып, қопаруда,

Түз аңдары жайылып, «бұтаңды» жалмауда!

15 Уа, Әлемнің Иесі, қайта оралсаңшы,

О, Құдай, көктен жерге көз салсаңшы,

Осы «жүзім бұтасын» қамқорлашы,

16 Құдіретті қолыңмен оны отырғыздың,

Сабақтарын79:16 Немесе: Осы (рухани) ұлыңды (102:13; Мыс 4:22). Өзіңе арнап өсірдің.

17 «Жүзім бұтаңды» шауып, өртеді жаулар,

Бетіңнің ызбарынан жойылады олар.79:17 Немесе: жойылсын олар.

18 Қолдай гөр оң жағыңдағы халқыңды,

Өзіңе арнап нығайтқан ұлтыңды.79:18 Яки: Жарылқай гөр (құдіретті) оң қолыңмен отырғызған адамды, Өзіңе арнап нығайтқан адам баласын. (Мұндағы «адам» мен «адам баласы» Құдайдың «құдіретті қолымен отырғызып, өсірген» Исраил халқын астарлап білдіреді: 79:16.)

19 Сенен енді қайтып безбейміз сонда,

Сиынатын боламыз Сенің атыңа,

Өмірімізді жаңарта гөр тағы да.

20 Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,

Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,

Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,

Құтқарылатын боламыз осылайша.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.