Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 87

Шарасыз жағдайдағы адамның мінажаты

1 (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры. Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ауыртпалық шегу» әуенімен87:1 Яки: «Махалат леаннот» әуенімен. айтылатын езрахтық Хеманның87:1 Пат3 4:31; Шеж1 2:6. насихат жыры.)

2 Уа, Жаратқан Ием — Құтқарушы Құдайым,

Күні-түні дауыстап Саған сиынамын.

3 Мінажатым Сенің алдыңа жетсінші,

Дауыстаған айқайыма құлақ түрсеңші.

4 Өйткені жан дүнием қайғыға толды,

Өмірім ажалға жақындап қалды,

5 Көрге түсетіндер арасынан саналдым,

Күші жоқ, әлсіз адамға ұқсас болдым.

6 Осылай өлілер қатарына қалдырылдым,

Қаза тауып, қабірде жатқандардаймын,

Сен оларды енді қайтып еске алмайсың,

Аласталды олар қамқорлығыңнан Сенің.

7 Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққа

Салып қойғансың, ең терең шұңқырға.

8 Үстімді зілдей басады қаһарың,

Мені жаншиды барлық «толқындарың»,

9 Жолдастарымнан мені алшақтаттың,

Оларға мені жек көрінішті қылдың,

Ешқайда шыға алмай құрсаудамын,

10 Көп жылап бұлыңғырланды қос жанарым.

Уа, Жаратқан, күнде дауыстап Саған сиынамын,

Ием, қолдарымды Өзіңе қарай жаямын.

11 Әлде өлгендер үшін керемет жасайсың ба,

Сүйектер қайта тұрып, Сені мадақтай ма?

12 Көрде Сенің рақымың уағыздала ма,

Қабірде87:12 Немесе: Жойылатын орында (яғни о дүниеде). шындығың жариялана ма?

13 Түнектегілер кереметтеріңді біле ме,

Ұмыт болғандар әділдігіңді түсіне ме?

14 Уа, Жаратқан, дауыстап Саған сиынамын,

Таң ата алдыңа жетеді мінажатым.

15 О, Ием, неге менен бас тартасың?

Бет-жүзіңді неліктен менен жасырасың?

16 Жасымнан әлсіз болдым, өлім жүрді жақын,

Айбыныңнан қорқып әлсіреп шаршадым.

17 Қаһарыңның оты үстімнен басып өтті,

Зор қорқынышың мені тас-талқан етті,

18 Олар тасқын судай ұзақты күн қоршайды,

Жан-жақтан қаһарың мені қыспақтайды.

19 Таныс-достарымды менен алшақтаттың,

Тас түнек айналды серігіме ең жақын.87:19 Немесе: Ең жақын серігім де көрінбей қалды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também