Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 75

Жеңімпаз Құдайға арналған мадақтау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)

2 Құдай танымал Яһуда елінде,

Оның аты қастерлі Исраилде,

3 Тұрағы Оның Иерусалимде,

Киелі үйі Сион төбесінде.

4 Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,

Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.

5 Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі

Сен салтанаттысың әрі құдіретті.75:5 Немесе: Ежелден болып келген таулардан гөрі Сен құдіреттісің әрі нұрлы салтанатқа бөленгенсің (4:7; 17:13,15; 103:2; Мыс 13:21; 19:16; 20:18).

6 Тоналды батыл жүректі ер адамдар,

Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,

Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.

7 Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,

Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,

Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:

Соғыс күймелері және аттары.

8 Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда

Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?

9,10 Жердегі бейшара жандарды құтқаруға

Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,

Көктен үкім шығардың күнәкарларға,

Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.

11 Пенденің ашуымен де даңқталасың,

Оның қалған ашуын Өзің басасың.

12 Ей, айбатты Құдайдың75:12 Яки: Үрейлі (әрі терең қастерленуге лайық) Құдайларың — Жаратқан Иенің. маңындағылар,

Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,

Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,

Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!

13 Ол әміршілердің батылдығын жояды,

Жер патшаларының үрейін ұшырады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também