Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 29

Ажалдан құтқарылған жанның шүкірлік әні

1 (Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.)

2 Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,

Сен мені шыңыраудан алып шықтың,

Жауларыма мені табалатпадың.

3 О, Құдай Ием, мен Саған сиындым

Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.

4 Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,

Ажалдан жанымды арашаладың.

5 Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,

Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,

Оның киелі атын мадақтаңдар!

6 Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,

Ал рақымы өмір бойы ұласады.

Кешке жылап-сықтау басым болады,

Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.

7 Аман-сау болғанда мақтанған едім:

«Мен ешқашан да толқымаймын!» дедім.

8 Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.

Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,

Сонда мен қорқып уайымға салындым.

9 Уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым,

Қолдау сұрап Өзіңе жалбарындым:

10 «Өліп, көрге түсуімнен не пайда,

Топырақ сонда Сені мадақтар ма,

Адалдығыңды Сенің жариялар ма?!29:10 6:6; 87:12-13.

11 Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр,

О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр».

12 Қайғымды шаттық биімен29:12 Мыс 15:20-21; Бил 21:19,21. алмастырдың,

Азалы киімімді шешіп тастадың,

Ерен қуанышқа мені бөледің.

13 Енді үздіксіз Саған ән саламын,

Уа, Құдай Ием, мәңгі мақтау айтамын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também