Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 117

Жеңіс үшін айтылған шүкірлік

1 Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,

Мәңгіге ұласады берік рақымы!

2 «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»

Деп жарияласын Исраил халқы.

3 «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»

Деп мойындасын Һаронның ұрпақтары.

4 «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»

Десін Иемізді қастерлейтін барлығы.

5 Мүшкіл халімде шақырдым Жаратқанды,

Ол жауап беріп, мені азат етіп алды.117:5 Немесе: Ол құлақ түріп, мені кең-байтақ (ашық әрі қауіпсіз) жерге алып шықты (17:20; 30:9).

6 Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан,

Не істей алады адам баласы маған?

7 Ием маған жар, Ол — Қолдаушым менің,

Жаудың жеңілісін әлі де көремін.

8 Адам баласына сенім артқаннан гөрі

Жаратқан Иені паналау сондай игі!

9 Әмірші, әкімдерге сенім артқаннан гөрі

Жаратқан Иені паналау сондай игі!

10 Барлық ұлттар айнала қоршап алды,

Жаратқанның атымен құрттым оларды.

11 Жан-жақтан олар мені қоршап алды,

Жаратқанның атымен құрттым оларды.

12 Айналамда олар арадай құжынады,

Бірақ жанған бұтадай тез өшіп қалды,

Жаратқанның атымен құрттым оларды.

13 Құлатпақ болып сол жаулар қатты итерді,

Ал Жаратқан Ие мені қолдап демеді.

14 Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным,

Ол болды, міне, менің Құтқарушым.

15 Құтқарылу мен жеңістің шаттық айқайы

Әділдердің үйлерінде жаңғырады:

«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы

Қандай ғажап кереметтер жасайды!»

16 Сонда көтерілді Иеміздің оң қолы:

«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы

Қандай ғажап кереметтер жасайды!»

17 Енді өлмеймін, өмір сүре беремін,

Жаратқанның істерін паш етемін.

18 Жаратқан мені қатты жазалады,

Бірақ жанымды ажалға қимады.

19 «Әділдік қақпаларын» маған ашшы,

Оған кіріп, мадақтайын Жаратқанды.

20 Мына қақпа — Жаратқанның қақпасы,

Әділ жандар оған кіре алады.

21 Сені мадақтаймын, маған құлақ салдың,

Уа, Ием, менің Құтқарушым Сен болдың.

22 Құрылысшылар117:22 Яғни өз биліктерін ұлғайтпақ болып, Құдайдың тағайындаған патшасын менсінбеген дұшпандар (Иш 26:1-2,4-5,7,13-15). менсінбеген тас енді

Үйдің басты іргетасына117:22 Яки: Бұрыштың басты тасына (Зәк 4:7; Мат 21:42). айналды!

23 Жаратқанның Өзі соны істеді,

Көз алдымызда бұл керемет болды!

24 Иеміз жаратты бізге бұл күнді,

Шаттанып қуанайық осы күні.

25 Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы,

Уа, Иеміз, табыс сыйлашы!

26 Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған,

Оның киелі үйінен бата береміз соған.

27 Жаратқан Ие — Құдай, Ол бізге нұрын шашқан.

Мейрамның құрбандық малын апарыңдар,

Үстелдің мүйіздеріне байлап қойыңдар.

28 Сен Құдайымсың, Саған мақтау айтамын,

Сен Құдайымсың, даңқыңды асырамын.

29 Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,

Мәңгіге ұласады берік рақымы!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.