Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 108

Орынсыз айып таққандарға қарсы қолдау сұрау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені,

Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.

2 Себебі адамдар зұлым да алдамшы,

Маған қарсы ауыздарын ашады,

Жалған тілдерімен жала жабады,

3 Қас сөздерімен жан-жақтан қыспақтайды,

Еш себепсіз маған шабуыл жасайды,

4 Достығыма жауап береді қастықпен,

Алайда Саған сиынып келемін мен.

5 Жақсылығыма олар сұмдық қайтарады,

Достығыма өшпенділік танытады.

6 (Қарсыластарым мені былай деп қарғады:)

«Оған бір зұлым жанды қарсы қойшы,

Оң жағына айыптаушысын тұрғызшы,

7 Сотталғанда ол кінәлі боп шықсын,

Тіпті дұғасы да күнә боп табылсын,

8 Көретін күндері оның аз болсын,

Міндетін оның басқа біреу алсын!

9 Балалары жетім, әйелі жесір қалсын,

10 Ұрпақтары қаңғырған қайыршы болсын,

Қираған үйлерінен аластатылсын,108:10 Немесе: Қиратылған үйлерінен азық-түлік іздесін.

11 Қарыз берген оның барын тартып алсын,

Еңбегінің жемісін бөтендер тонасын,

12 Жаны ашитын адал досы болмасын,

Жетімдерін мүсіркейтін де табылмасын,

13 Перзенттері көп жасамай шетінесін,

Есімдерін келесі ұрпақ білмесін.

14 Әділетсіз істері ата-бабасының

Жаратқан Иенің есіне салынсын,

Шешесінің күнәсі де кешірілмесін,

15 Кінәлары Жаратқанның алдында қала берсін,

Ол есімдерін жер бетінен із-түзсіз өшірсін.

16 Өйткені бұл жан жақсылық жасаудан безді,

Кедейді, мүсәпір мен үмітсізді

Өлтірмек болып қуғындап өкшеледі.

17 Ол қарғыс айтуды сондай ұнатты,

Ендеше өзіне қонсын қарғысы,

Оң бата дегенді ол менсінбейтін,

Ендеше оң бата оған қонбай кетсін.

18 Бұл өзі қарғауын «киімдей киетін»,

Тәніне сол су, май іспетті «сіңетін»,

19 Енді қарғыс болсын киетін киіміндей,

Ұдайы буынатын белбеуіндей.

20 Ол мені айыптап, қастық айта беретін.

Жаратқан оған қайтарсын соның есесін!»

(Деп білдіреді олар теріс тілектерін.)

21 Ал Сен, уа, Тәңір Ием — Жаратушы,

Есіміңе бола маған жақсы қарашы,

Берік рақымың игі, мені құтқаршы.

22 Өйткені мен бейшара, мүсәпірмін,

Әрі жаралы — бойымдағы жүрегім.

23 Ғайып болар көлеңкедеймін кешкі,

Шегірткедей жау қағып жібереді мені.

24 Оразадан әлсіреді тізелерім,

Денем жүдеу, омсырайған бүкіл тәнім.

25 Мен келекеге айналдым жұрт үшін,

Көрсе мені шайқайды олар бастарын.108:25 21:8; Әйүп 16:4.

26 Уа, Құдай Ием, маған көмектесші,

Рақымыңа сай мені құтқара көрші.

27 О, Ием, мұны істеген Сен екенін,

Өз қолыңның жасағанын олар білсін!

28 Жауларым қарғайды, бірақ Сен жарылқайсың,

Бас салса, өздері масқараға қалсын,

Ал Сенің қызметшің шаттанатын болсын.

29 Айыптаушыларым ұятқа бөленсін,

Олар масқараға жамылғыдай орансын.

30 Мен Жаратқан Иеге көп мақтау айтамын,

Үлкен жиында Оның даңқын асырамын,

31 Жаратқан бейшара жанды қолдап-қорғайды,

Айыптаушылардан аман-есен сақтайды.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.