Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 41

Екінші жазба

Құдайды аңсау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)

2 Марал41:2 Немесе: Бұғы. қалай аңсаса мөлдір суды,

О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды.

3 Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді,

Қашан мен Құдайыма бара аламын,

Қашан Оның алдында бола аламын?

4 Көз жасымды көл қыламын41:4 Немесе: Күні-түні (қатты қайғырып ораза ұстап) көз жасымды нәр қыламын (79:5-6; 101:9-10). күндіз-түні,

Себебі адамдар менен күні бойы:

«Құдайың қайда?» деп сұрай береді.

5 Сырымды Саған ақтарған кезімде

Мынау бірден түседі менің есіме:

Мен көпшілікті жетелеген едім,

Құдайдың үйіне қарай өрледім,

Мейрамдаған халықпен бірге жүрдім,

Шат-шадыман болып шүкірлік еттім.

6 Жан дүнием, неге сен мұңаясың,

Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?

Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!

Өйткені Құтқарушымды — өзімнің

Құдайымды мадақтаймын әлі де.

7 Мұңаяды ішімдегі жан дүние.

Мен Иордан жағасындағы елде,

Хермон, Мизар тауларының жерінде

Аңсап ойлайтын боламын Сені.

8 Сарқыраған суларың долданғанда

Ұласа береді тасқын тасқынға,41:8 Немесе: Шақырады тұңғиық тұңғиыққа.

Сенің бар суларың, толқындарың да

Мені басып, асып кетіп жатты да.

9 Жаратқан күндіз рақым жасап маған,

Мен Оны түнде мақтап, жырлап шығам,

Һәм мінажаттарымды бағыштаймын

Құдайыма Өзіме өмір сыйлаған.

10 Маған жар болып келген Құдайдан:

«Неліктен Сен мені есіңнен шығардың?

Неліктен мен қысым көріп жауымнан,

Сонша қайғырып жүрмін?» деп сұраймын.

11 Дұшпандарымның табалаған мазағы

Жаныма менің қатты батады,

Себебі олар менен күні бойы:

«Құдайың қайда сенің?» деп сұрайды.

12 Жан дүнием, неге сен мұңаясың,

Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?

Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!

Өйткені Құтқарушымды — өзімнің

Құдайымды мадақтаймын әлі де.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também