Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жастайынан көріп келген қыспағы
Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2 «Жастайымнан мол көрдім қыспақты,
Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
3 Жон арқамда айдағандай соқаны
Ұзынынан созылған атызы қалды.
4 Бірақ Жаратқан Ие әділетті,
Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5 Сионды128:5 Яғни Иерусалимді, оның ішіндегі Сион төбесін және ежелде сонда салынған киелі үйді әрі Дәуіттің әулетінің сарайын (86:2-3; 121:1-5; Түсіндірмені де қ.). жек көрген дұшпандарының
Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6 Өспей жатып бірден қурап қалатын
Үй төбесіндегі шөпке128:6 Сол өлкедегі үйлердің төбелері жалпақ болғандықтан, олардың кейбір жерлерінде шөп те өсіп тұратын. олар ұқсасын:
7 Орақшының қолы соған талмайды,
Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8 «Жаратқан Ие сендерді жарылқасын,
Бата береміз Жаратқанның атымен»
Деп қастарынан өткендер тілемесін!