Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 16

Жазықсыз жәбірленгеннің Құдайға сиынуы

1 (Дәуіттің мінажаты.)

Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,

Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,

Шынайы мінажатыма құлақ түрші,

2 Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші,

Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.

3 Жүрегімді зерттеп, түнде де мені сынадың,

Тәптіштеп тексерсең де, еш нәрсе таппадың.

Жалғандық айтудан ойланып сақтанам,

4 Іс-әрекетімде сөздеріңе бағынам,

Аулақ жүріп келем зорлықшының жолынан.

5 Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым,

Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым.

6 Уа, Құдайым, Саған дұға етемін,

Себебі Сен маған жауап бересің,

Қазір де құлақ түрші сөзіме менің,

7 Көрсетші сондай керемет рақымыңды,

Жауларынан Өзіңді паналаған жандарды

Құтқарасың ғой қолданып қуатыңды.

8 Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,

«Қанатыңның астында» тасалай көрші.

9 Бас салған зұлымдардан мені қорғай гөр,

Қоршаған жан алғыштардан сақтай гөр.

10 Жүректерінде жоқ мейірімділік,

Ауыздарынан шыққандары — менмендік.

11 Соңымнан қуып олар қоршап алады,

Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,

12 Олжасын паршалауды аңсаған арыстандай,

Тасада аңдып тұрған мықты арыстандай.

13 Уа, Жаратқан Ие, енді көтеріле гөр,

Қарсы шығып, бұл жауларды құлата гөр,

Зұлымнан мені семсеріңмен құтқара гөр!

14 О, Ием, күшті қолыңмен аман сақтай гөр,

Жау тек осы дүниелік пайданы іздеп жүр.

Жоғары бағалаған жандарыңды тоқ қыласың,16:14 (82:4) Немесе: Сен соларды қазынаңнан тоқ қыласың.

Олардың балаларын да тойындырасың,

Ұрпақтарына да жетер артып сыйлағаның.

15 Мен адал жүріп, бет-жүзіңді көремін,

Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.16:15 Яки: Қайта тіріліп, Сенің әлпетіңе (сипатыңа) қарап қанағаттанамын (10:7; Жох1 3:2; Евр 1:3).

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.