Amor de casal
O amor de casal é celebrado na Bíblia como dom sagrado. O Cântico dos Cânticos exalta a beleza do amor conjugal — íntimo, exclusivo e forte como a morte.
Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,
Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!
Өйткені махаббат өлімдей қуатты,
Құлшынысы оның ажалдай қатты!
Ол өз отын найзағайдай шашады,
Лапылдап өрт жалынындай жанады.
Мол су да махаббатты өшіре алмас,
Тасыған өзен оны батыра алмас.
Бір адам өз үйінің бар байлығын
Ұсынғанмен сүйіспеншілік үшін,
Мүлдем менсінбес еді ешкім онысын!
Қанағаттану
(Құрбылары:)
Жүрегімді баурап алдың, қарындасым,
Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым,
Бір ғана асыл тасымен алқаңның!
Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,
Атың шашылған иіссудай әйгілі,
Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.
Ала кетші мені өзіңмен бірге,
Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!
Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне.
(Қалыңдықтың құрбылары:)
Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,
Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.
(Қалыңдық:)
Өзіңді ұнатқандарына осылардың,
Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!
Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!
Көк шалғын болады төсегіміз біздің.
(Күйеу жігіт:)
Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай,
Жұпар шыршалар уықтарымыздай.
Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші жасап берейін», — деді.
Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
Риза болған адам былай деді:
«Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан,
Әрі тән, өз тәнімнен шыққан!
Ол әйел деп аталатын болсын,
Себебі ол еркектен алынып жасалған».
Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады.
Адал дос — құн жетпес қазына
Әйел алған — береке тапқан,
Жаратқан Иенің жарылқауын алған.
Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,
Қанағат ет жастай алған қосағыңды:
Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,
Үнемі ләззат тап кеудесінен,
Мас бола бер махаббатына әрдайым.
Балам, өзге әйелге әуестіктің қажеті не?
Басқаның кеудесін құшқаннан табасың не?
Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! —
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,
Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
Әділетсіздікті еш құптамайды,
Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,
Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды.
Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.
Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.
«Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады.
Біреуі құласа, жолдасы сүйеп, тұрғызады. Алайда құлағанда сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын!
Сондай-ақ, егер екеу болып жатса, түнде тоңбайды. Ал жалғыз адам қалай жылынады?
Біреу жалғыз адамды жеңсе де, екі адам оған қарсы тұра алады. «Үш қабат жіп оңай үзілмес».
Құдай ерлі-зайыптыны біртұтас болуға жаратпады ма? Олар жан-тәндерімен Оның меншігі. Құдай сендерден нені қалайды? Ол құдайшыл ұрпақтардың өсіп-өрбуін қалайды. Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер! Ешқайсың жастай некелескен әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар!
Жақында ғана үйленген адамды соғысқа жіберуге немесе басқа бір іске шақыруға болмайды. Ол бір жыл бойы үйінде болып, жаңадан үйленген әйелін бақытты етуі керек.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.