Әннің атауы
1 1:1 Ескерту: Кейбір аудармаларда осы тараудағы бұдан кейінгі аяттардың бәрі бір санға артық. Сүлейменнің таңдаулы әні.1:1 Яки: Сүлейменнің әндерінің әні.
Қалыңдықтың алғашқы өтінішін білдіруі
(Қалыңдық:)
Еріндерің өпсін қайта-қайта мені,
Махаббатың сенің шараптан да тәтті,
2 Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,
Атың шашылған иіссудай әйгілі,
Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.
3 Ала кетші мені өзіңмен бірге,
Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!
Патшам1:3 Яки: Сүйген күйеу жігітім (1:11; 3:11; 6:12; 7:6). мені кіргізді өз бөлмелеріне.
(Қалыңдықтың құрбылары:)
Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,
Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.
(Қалыңдық:)
Өзіңді ұнатқандарына осылардың,
Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!
4 Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын,
Уа, қыздары Иерусалим қаласының.
Қидардағы шатырлардай қара торымын,
Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.1:4 Шатыр мен перде шөлейт Қидар аймағының қара түсті ешкі жүнінен тоқылатын (Иш 21:16-17; 42:11; 60:7; Езк 27:21).
Қалыңдықтың жасқана толғануы
(Қалыңдық:)
5 Қарамаңдаршы маған тесірейе,
Бетімді күйдірді күн сәулелері.
Ағаларым маған ашуланған еді,
Баққызып қойды содан жүзімдіктерді,
Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді.1:5 Яғни өз өңімді. (Қалыңдық өзінің күнге күйіп қарайып кеткеніне сілтеп жатыр: 1:4.)
6 Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жерде
Бағып жүресің өз отарыңды?
Әрі сен қайда барып, түскі кезде
Тынықтырып аласың қойларыңды?
Мен несіне қаңғырамын бет-перде
Жамылған жүгенсіздей, достарыңның
Отарлары арасынан сені іздеуге?
(Құрбылары:)
7 Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің?
Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда,
Жайып бақ лақтарыңды өзіңнің
Шопан қостарының маңайында.
Күйеу жігіттің мейірімді мақтау сөзі
(Күйеу жігіт:)
8 Жаным, сені ұқсатам сайгүлікке,
Жегілген перғауынның күймесіне.1:8 Немесе: Жаным, сен перғауынның күймелеріне жегілген айғырлардың арасындағы биедей тартымдысың.
9 Екі бетің көрікті сырғаларыңмен,
Мойның да әп-әдемі алқаларыңмен!
10 Өзіңе арнап күміспен көмкерілген
Алтын сырғалар соқтырып беремін мен.
Қалыңдықтың шаттана толғануы
(Қалыңдық:)
11 Патшам1:11 Яки: Сүйген күйеу жігітім (1:3). дастарқан басына жайғасты,
Иісмайымның жұпары сол тұста жайылды.
12 Сүйіктім хош иісті мүр шайырындай,1:12 Сол заманда адамдар мүр шайыры не басқа хош иісті заттар салынған шағын қалташықтарды кеуделеріне тағып жүретін (Жыр 44:9).
Кеудемде аңқып тұрған қалташықтай,
13 Ен-Геди1:13 Өлі теңіздің батыс жағасындағы шұрат (Пат1 24:1; Езк 47:10). жүзімдігінің қынагүл шоғындай.1:13 Яғни қына бұтасының жұпар гүлдерінің шоғындай.
Екі ғашықтың көңілді айтысы
(Күйеу жігіт:)
14 Уа, жаным, керемет қой сұлулығың,
Көгершіндей қос жанарың, сондай сұлусың!
(Қалыңдық:)
15 Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!
Көк шалғын болады төсегіміз біздің.
(Күйеу жігіт:)
16 Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай,
Жұпар шыршалар уықтарымыздай.