Pular para o conteúdo
Publicidade

Таңдаулы ән 3

Қалыңдықтың күйеу жігітті іздеп табуы

1 (Қалыңдық:)

Түні бойы мен төсек-орнымнан

Ғашығымды тосып, таба алмағам.

2 Кәне, мен тұрып, аралайын

Қаланың көше, алаңдарын!

Бірақ таба алмадым сандалғанмен,

Көп іздеп бекер жүрдім мен.

3 Қарауылдар маған тап болды,

Аралап жүрді олар қаланы.

«Көрдіңіздер ме жан досымды?»

Деп сұрап іздедім сүйген жарымды.

4 Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткен

Кездестірдім жарымды жаным сүйген!

Оны ұстап алып жібермедім,

Анашымның үйіне алып келдім,

Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім.

5 Иерусалим қыздары, сендерге жалынамын,

Елік пен бұғының аттарын атаймын:

Махаббатты қоздырып оятпаңдар, жетілсін

Өзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!3:5 2:7; 8:4.

(Құрбылары:)

6 Даладан өрлеп келе жатқан бұл кім екен,

Түтін бағанындай, мүрдей жұпар затпенен,

Саудагердің алуан дәмдеуіш ұнтақтарымен?3:6 Даладан өрлеп келе жатқан адам — қалыңдық. Мүр: 1:12. Жұпар зат: яки: түтетілетін хош иісті зат (Мыс 30:34). Дәмдеуіш ұнтақтары: мыс., дәмқабық (Мыс 30:23).

Үйлену тойындағы ән

(Құрбылары:)

7 Мұнда қара, өз күймесінде Сүлеймен

Келе жатыр алпыс мықты жігітімен,

Исраилдің таңдаулы ерлерімен!

8 Семсері белінде асынған бәрінің,

Шайқаста көрсеткен өз ерліктерін,

Бұл жігіттер түнгі қауіп-қатерге дайын.

9 Құнды ағашынан Ливан тау-төбесінің

Жасатыпты Сүлеймен патша өз күймесін,

10 Оның бағандарын күміспен жалатқан,

Һәм оның негізін алтыннан жасатқан,

Отырғышын қырмызы матамен қаптатқан.

Күйменің ішін Иерусалимнің қыздары

Бар ықыласпен безендіріп дайындады.

(Қалыңдық:)

11 Уа, сиондық қыздар, шығыңдар, кәне,

Қараңдар Сүлеймен патшаның тәжіне:

Оған анасы кигізген тәжіне

Оның неке қиған осы күнінде,

Жүрегі шаттыққа кенелген кезінде!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também