Pular para o conteúdo
Publicidade

amor de Deus

Por Bíblia Online

O amor de Deus é a maior realidade do universo. Ele nos amou com amor eterno, incondicional e sacrificial — e nada no mundo pode nos separar desse amor.

Amor eterno

Deus amou o mundo de tal maneira que deu o seu Filho. Seu amor é de eternidade a eternidade — nunca falha.

Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.

Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін.

Жер аударылғандардың қайғылы жыры

Бабылдың өзен жағаларында отырдық,

Сионды еске алып біз зар жыладық.

Таулардан асып, аңғарларға түсті,

Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті.

Зұлымның астыртын әрекетінен

Қорғап әрі залымның бүлігінен.

Natureza do amor divino

Deus é amor. O amor é paciente, benigno. O amor do Pai nos adota como filhos e nos transforma à sua imagem.

Құдайдың сүйіспеншілігі және біздің өзгелерді сүюіміз

Сүйікті бауырларым, бір-бірімізді сүйейік! Себебі сүйіспеншілік Құдайдан; сүйетін адам — Құдайдың рухани баласы, ол Құдайды танып біледі.Сүймейтін кісі Құдайды білмейді, өйткені Құдай — сүйіспеншілік.

Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді. Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.Сүйікті бауырларым, Құдай бізді осылайша сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюіміз керек.

Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.

Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.

Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ.

Сүйікті бауырларым, сендерге жазып отырғаным — жаңа өсиет емес, өздеріңе бастапқыдан белгілі көне өсиет. Осы көне өсиет — сендер Исаға сене бастаған сәтте-ақ естіген хабарларың. Дегенмен сендерге жаңа өсиет те жазып отырмын: ол бұрын Мәсіхтің өмірінде, қазір сендердің өмірлеріңде іске асуда. Себебі түнек түріліп, шынайы жарық нұрын шашып келе жатыр.

Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес.

Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,

Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,

Expressões do amor de Deus

O Senhor nos ama com alegria e canta sobre nós. Queni a mim vem, amará; e quem me ama, o Pai o amará.

Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».

Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,

Іздеп жүрген тауып алады мені.

Мен үшін аса қымбат, қадірлісің, сені сондай қатты сүйемін! Сенің орныңа көп адамды қиып, өмірің үшін халықтарды төлем етемін.

Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,

Қабірге түсіп, шірімеуі үшін

Төлем төлеп босатудың бағасы

Тым қымбат, істей алмас оны адам баласы.

Көп ұзамай зұлым адам ғайып болар,

Іздесең таппайсың, орны босап қалар.

сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!

Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.

Иеміз жан дүниелеріңді Құдайдың сүйіспеншілігіне бұрып, сендер Мәсіхтің қайта оралуын сабырмен күтсін деп мінажат етеміз.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.