Жер аударылғандардың қайғылы жыры
1 Бабылдың өзен жағаларында136:1 Евфрат, Тигр өзендері мен олардың тармақтарының жағаларында (Езк 1:1,3; Иш 47:1-2). отырдық,
Сионды еске алып біз зар жыладық.
2 Жетігенімізді іліп қойдық сонда
Жағада өсіп тұрған қызыл талдарға.136:2 Немесе: теректердің бұтақтарына.
3 Тұтқындағандар жыр айтуымызды талап етті,
Азаптағандар бізден шаттық әнін күтті:
«Сионның ән-жырларын айтыңдар!» деді.
4 Бөтен елде жүргенде қалайша біз
Иеміздің ән-жырларын айта аламыз?
5 О, Иерусалим, егер ұмытсам сені,
Оң қолым, сен де ұмытқайсың мені!
6 Иерусалимді есімде сақтамасам,
Оны шаттығымның шыңы деп санамасам,
Онда тілім көмейіме жабысып қалсын!
7 Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсірші
Иерусалим жау қолына түскен күні
Едомдықтардың не істегендерін:
«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!
Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін.
8 Уа, Бабыл қаласы, ойран салғышсың,
Саған бізге істеген қастығыңның
Есесін қайтарған жан бақытты болмақ,
9 Ұстап алып балаларыңды өзіңнің,
Тасқа ұрған адам бақытты болмақ.136:9 Құдай таңдаған халқына зорлық-зомбылық жасаған, теріс жолынан қайтпайтын қатыгез де қыңыр қылмыскерлер өз отбасылары, ұрпақтарымен бірге Құдайдың әділ де қаһарлы сотына ұшырайтын болады. Хақ Тағала оларға өздерінің арамза істерінің есесін қайтарады (119:3; Мыс 34:7; Заң 32:34,35,41,43; Иш 59:15-19).