1 Сендер мен лаудікиліктер үшін2:1 Лаудіки (қазіргі Түркияның Памуккале қаласы) Қолостан 18 шақырымдай жерде орналасқан. және менімен әлі де жүздеспегендердің бәрі үшін қаншалықты күресіп жүргенімді білдіргім келеді. 2 Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың. 3 Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.2:3 Демек, тек Мәсіхке сеніп, Одан тәлім алу арқылы ғана адамдар Құдайдың даналығы мен білімін тани алады (1:9,19; Қор1 1:24,30; 2:7-8).4 Мен мұны ешкім сендерді ақылға қонымды болып көрінген сөздерімен алдап кетпесін деп айтып отырмын. 5 Тәніммен қастарыңда болмасам да, рухыммен орталарыңда тұрып, сендердегі ынтымақты, Мәсіхке деген берік сенімдеріңді көріп, қатты қуанамын.
Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани кемелдену
6 Сендер Иеміз Мәсіх Исаны қалай2:6 Яғни Құдайдың Мәсіх арқылы көрсеткен рақымына деген сенімдерің арқылы (1:4-5; Еф 2:5,8-9). қабылдаған болсаңдар, солай Онымен тығыз байланыста жүріңдер! 7 Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!
8 Қайдағы біреу пәлсапасымен,2:8 Яки: «даналық ілімімен» (Тім1 6:20). пайдасыз ілімімен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығарған аңызға негізделген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы2:8 Немесе: осы дүниелік тұрпайы ілімдер (яки: бастапқы да қарапайым діни ережелер) туралы (2:20-21; Ғал 4:3,9-10). үйретеді. 9 Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!2:9 1:19.10 Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді. 11 Мәсіхпен тығыз байланысқандықтан сендер «рухани сүндеттелдіңдер» де. Бұл — қолмен істелген тәннің сүндеттелуі емес, Мәсіхтің «рухани сүндеттеуі»,2:11 Рим 2:29; Заң 30:6. яғни Оның ескі күнәкар болмыстарыңды түгелдей алып тастауы.2:11 3:5,8-9; Рим 6:6; Ғал 5:24; Еф 4:22.12 Сендер Мәсіхпен бірге рухани тұрғыдан «жерлендіңдер» әрі Мәсіхпен бірге «қайта тірілдіңдер». Бұл Құдайдың Мәсіхті Өзінің құдіретімен өлімнен қайта тірілткеніне деген сенімдерің арқылы болды. Шомылдыру рәсімінен өткендерің соны білдіреді.2:12 Рим 6:3-5; Ғал 3:27.
13 Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды.2:13 Яки: Құдай Мәсіхті тірілткенде сендерге де шынайы өмір сыйлады (Еф 2:5). Ол күллі күнәларымызды кешірді: 14 бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты»2:14 Яки: «қолжазбаны». (Осы сөз мұнда Құдайдың адамдардың жасаған күнәларын тіркеп, сақтағанын астарлап білдіреді немесе Таурат заңының жазбасын меңзейді: 2:20-21; Еф 2:15.) Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.2:14 Пет1 2:24.15 Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің2:15 Яғни әзәзіл шайтан мен жындардың (2:10; Жох 12:31; 16:33; Еф 6:11-12). күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
16 Сондықтан ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, айдың басын не діни демалыс күнін сақтамағандарың үшін айыптамасын! 17 Өйткені осындай ережелер — келуге тиісті нәрсенің әлсіз нұсқасы ғана: шынайы жарылқауды Мәсіхтің Өзі алып келді.
18 Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер2:18 2:23; Рим 1:25; Аян 19:10; 22:8-9. сендерді кінәламасын!2:18 Немесе: сендерді (көктегі жүлдеге қол жеткізетін) тура жолдан адастырмасын! (2:16; Еф 5:6) Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге2:18 (Езк 13:3; Тім1 1:7) Немесе: өздері көрген нәрселерге. негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп, 19 қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды.2:19 Немесе: қауымның Басы — Иеміз Мәсіхпен байланысты үзді (1:18; Еф 1:22-23, Ғал 1:6-9; 5:2-4). Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады.2:19 Еф 4:6,15-16; 5:29.
20 Өлі денеге ешқандай бұйрық жүрмейтіні секілді, сендер Мәсіхпен бірге рухани өлгендіктен осы дүниедегі бастапқы ілімдерге2:20 (Ғал 4:3,9-10) Немесе: осы дүниелік тұрпайы рухани күштерге (2:8). бағынбауға тиістісіңдер. Ендеше сендер әлі де осы күнәкар дүниеге жататындай, неліктен мынадай ережелерге бағынасыңдар: 21 «Сол нәрселерді қолға ұстама, ана тағамдарды ішіп-жеме, ол заттарға қол тигізбе!» 22 Бұлардың бәрі түбі қолдану барысында жоқ болатындар ғой. Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан. 23 Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кішіпейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағаттандыруына жол береді.