Ânimo
O ânimo vem de Deus. Ele nos fortalece, nos encoraja e renova nossas forças. Quando o desânimo chega, as promessas de Deus nos levantam e nos impulsionam a seguir em frente.
Құдайдан зұлым жаулардан құтқаруды сұрау
(Дәуіттің жыры.)
Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,
Жартастай берік қорғанымсың Сен,
Бас тарта көрме маған жауап беруден.
Егер де тіл қатып жауап бермесең,
Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,
Жолдарымның барлығы да Саған айқын.
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —
Сонда халық былай деп жауап берді:
— Жаратқан Иеден бас тартып, басқа тәңірлерге табынып кетуден аулақ жүрейік! Себебі Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз! Ол бізді және аталарымызды Мысыр еліндегі құлдықтан азат етіп, көз алдымызда ұлы да ғажап кереметтерді жасады. Жаратқан Ие бізді бүкіл жол бойы қорғап, біз елдері арқылы өтіп шыққан халықтардан аман сақтап қалып отырды ғой.
Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар!
Себебі өздеріңді көруді қатты аңсаудамын. Сендерді күшейту үшін рухани дарындарыммен бөліссем, яғни сендермен болған кезімде Құдайға деген ортақ сенімімізді көріп, бір-бірімізді жігерлендірсек деймін.
Уақытша азаптар және мәңгілік ұлылық
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.
Сондықтан бір-біріңді жігерлендіріп, сенімдеріңді бұрынғыша өзара нығайта беріңдер!
Қымбатты бауырластар, сенімдеріңді берік ұстап жүр екенсіңдер. Бұл қиналып, қысылып отырған бізге жаңадан жігер берді.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.