Pular para o conteúdo
Publicidade

Aprender

Por Bíblia Online

Aprender é vocação do discípulo. Jesus disse: aprendei de mim. A Bíblia convida a aprender com humildade, perseverança e disposição — sentados aos pés do Mestre.

Aprender de Jesus

Tomai sobre vós o meu jugo e aprendei de mim. O Espírito Santo nos ensinará todas as coisas e nos recordará tudo.

Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,

Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,

Тыныштық табады сонда көңілдерің.

Себебі ыңғайлы — қамытым Менің,

Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».

Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин)

Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді.

Иса оларға былай деп жауап берді:

— Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі.

Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух өздеріңде қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер.

Ensino e sabedoria

O temor do Senhor é o princípio do saber. A disciplina do Senhor forma o caráter e abre caminhos de entendimento.

Білімнің бастауы

Білімнің бастауы — Жаратқан Иені

Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.

Ал Құдайдан безген надандар болса,

Елемейді даналық пен тәрбиені.

Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде

Онысын ешқашан менсінбей жүрме,

Ол сені жөнге келтіргенде

Лайым еңсең түсіп жүнжіме!

Иеміз Өзі сүйетін әркімді

Түзетеді әрі тәрбиелейді.

Әкесі сүйікті баласын да

Жазалайды қажет болғанда.

Мен саған даналық жолын көрсетемін,

Ұдайы сені тура жолмен жетелеймін.

Жақсы тәрбие алған бақытты

Тәрбиені ұнатқан — білімді де ұнатқан,

Ал ескертуді жек көрген — санасыз надан.

Сонымен әкесінің баласын тәрбиелейтініндей, Құдайларың Жаратқан Иенің де сендерді тәрбиелейтінін терең ұғынып, жүректеріңде берік сақтаңдар!

Comunidade de aprendizado

Ensinem e aconselhem-se mutuamente. A igreja é escola de Cristo — onde todos ensinam e todos aprendem juntos.

Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!

Сондықтан бір-біріңді жігерлендіріп, сенімдеріңді бұрынғыша өзара нығайта беріңдер!

Олар күн сайын ғибадатханада және үйлерде тәлім беріп, Исаның Мәсіх екендігін уағыздауларын тоқтатқан жоқ.

Ел алдында және жеке үйлерде уағыз айтып, тәлім беріп жүргенде сендерге пайда болатын еш нәрсені қалдырмай, бәрін түгел айттым.

Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады.

Қауымдағы топтарға арналған нұсқаулар

Ал сен дұрыс ілімге сай келетінді үйретуің керек.

Ouvir e praticar

Ensina-me a fazer a tua vontade. Guia-me pela tua verdade. O verdadeiro aprendiz pratica o que ouviu do Mestre.

Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,

Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.

Өтірікшілермен бірге отырмаймын,

Зымияндармен де бірге жүрмеймін.

Арамзалар жиынын еш жаратпаймын,

Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.

Сен тұратын қасиетті үйіңді,

Ұлылығың мекендейтін орынды

Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.

Күнәкарлармен бірге жанымды алма,

Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.

Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін,

Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,

Жан дүнием аңсайды Сені түнде,

Рухым да сағынады таң сәріде.

Сен дүниеге сот жүргізген кезіңде

Жердің халқы үйренеді әділдікке.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.