Arca de noé
A arca de Noé é história de salvação e fidelidade. Deus instruiu Noé a construir a arca para salvar sua família e os animais do dilúvio — exemplo supremo de obediência e fé.
Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін. Сен мықты ағаштан сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла. Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын. Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.
Топан судың басуы
Сонан кейін Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: «Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім.
Ол өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен жерге топан су жайылмас бұрын кемеге кіріп алды. Жұпталып алынған адал және арам жануарлар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылардың барлығы бір еркек, бір ұрғашыдан Құдай Нұхқа бұйырғандай оның қасына кемеге кірді. Содан жеті күн өткеннен кейін жер бетіне топан су жайыла бастады.
Олар Құдай Нұхқа бұйрық еткендей, барлық аңдардан бір еркек, бір ұрғашы болып, ішке кірді. Содан кейін Жаратқан Ие есікті жауып тастады.
Сонымен жер бетін қырық күн бойы топан су қаптады, судың көтерілгені соншалықты, кеме қалқып жүрді. Жер бетінде су тіптен көбейіп асып-тасып кетті, кеме судың үстінде жүзіп жүрді.
жер бетіндегінің барлығы жойылды: адамнан бастап малға дейін, бауырымен жорғалаушылардан бастап аспандағы құстарға дейін бәрі де жер бетінен құрып кетті. Тек Нұхпен бірге кеменің ішінде болғандар ғана аман қалды.
Жер жүзіндегі судың беті қайтып, жүз елу күн бойы су біртіндеп тартыла берді. Содан жетінші айдың он жетінші күні болғанда, кеме Арарат тауларының үстіне тоқтады.
Қырық күн өткенде Нұх кемедегі өзі жасаған терезені ашып, бір қара қарғаны сыртқа ұшырып жіберді. Қарға жер бетіндегі су кепкенше келіп-кетіп ұшып жүрді. Содан кейін Нұх жер бетіндегі судың азайғанын тексеру үшін бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді. Бірақ көгершін қонақтауға орын таппай, кемеге қайта оралды, себебі жер бетін әлі де су басып тұрған еді. Нұх қолын сыртқа созып, көгершінді қайтадан кемеге кіргізіп алды. Ол жеті күн күте тұрып, тағы да сол көгершінді кемеден ұшырып жіберді. Көгершін кешке қарай оған қайтып оралғанда, жаңа көктеген зәйтүн ағашының бір жапырағын тұмсығына қыстырып ала келді! Осылайша Нұх жер бетіндегі судың қайтқанын білді. Дегенмен ол тағы жеті күн күтті, содан кейін қайтадан бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді. Бұл жолы көгершін қайта оралмады.
Нұхтың алты жүз бір жасқа толған жылының бірінші айының бірінші күні жер бетіндегі су тартылған еді. Нұх кеменің шатырын ашып қарағанда, жер кеуіпті!
Сол кезде Құдай Нұхқа былай деді: «Әйелің екеуің кемеден шығыңдар, ұлдарың мен келіндерің де шықсын. Кемеде болған түрлі құстарды, малдарды және жер бетінде жорғалап жүргендерді сыртқа алып шық, олар жер бетін жайлап, өсіп-өніп көбейсін».
Құдай Нұхқа және оның ұлдарына тағы да үн қатып: «Осылай Мен сендермен, келешек ұрпақтарыңмен және сендердегі барлық тірі мақұлықтармен: құстармен, малдармен, аңдармен, сендермен бірге кемеден шыққан жер бетіндегі барлық жан-жануарлармен Келісім жасаймын. Бұдан былай еш уақытта тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын», — деді.
Мен садаққа ұқсас кемпірқосағымды бұлтқа орнатамын, бұл — Менімен жердің арасындағы Келісімнің белгісі.
Нұх пайғамбар әлі де көзге көрінбеген топан су туралы ескертілгенде, Құдайға сеніп, Оны терең қастерледі, сондықтан отбасын құтқару үшін кемесін жасап дайындады. Осы сенімімен Нұх дүниенің қиқарлығын әшкереледі, әрі сенім арқылы болатын ақталуға қолы жетті.
Бұдан көп бұрын, Нұх пайғамбар кемесін жасап жатқан кезде, Құдай теріс жолдан қайтуларын сабырлықпен күткен еді. Бірақ олар Тәңір Иеге мойынсұнған жоқ. Тек азғана — сегіз-ақ кісі кемеге кіріп, топан судан құтқарылды. Бұл жайт қазіргі замандағы суға шомылдыру рәсімінің алдын ала берілген белгісі болды. Осы рәсім денеміздегі кірді жуып тазартуды емес, Құдайдан таза ар-ұждан сыйлауын өтінуді білдіреді. Осылай ол сендерді Иса Мәсіхтің өліп, қайта тірілуі арқылы күнәнің құлдығынан құтқарады. Ал Мәсіх көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына жайғасты. Періштелер, рухани билеушілер және күш атаулылар Оған бағынышты.
Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: топан судан бұрын, Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, қыздарын ұзатып өмір сүруде еді. Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша, олар ештеңені ұқпады. Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде де осылай болады! Сол сәтте періштелер егіндікте жүрген екі адамның біреуін қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді.Олар бірге қол диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.