Pular para o conteúdo
Publicidade

Compreensão

Por Bíblia Online

A verdadeira compreensão vem de Deus. Os caminhos do Senhor são mais altos que os nossos. Mas Ele nos convida a buscar entendimento — e promete iluminar quem o busca de coração.

A sabedoria de Deus

Os meus pensamentos não são os vossos pensamentos. A incompreensibilidade de Deus nos leva à humildade e adoração.

— Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.

Құмырашы және саз балшық

Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?!

Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:

Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,

Шексіз зор даналығы Өзінің,

Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!

Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды,

Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар,

Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар,

Пәледен құтқара алмайды олар:

Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:

Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,

Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!

Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,

«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,

Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.

О, неткен бай Құдайдың даналығы,

Неткен терең Оның білік-парасаты;

Шешімдеріне адам ақылы жетпес,

Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!

Buscar entendimento

Clama a mim e responder-te-ei. A sabedoria é a coisa principal — busque o entendimento com todo o coração.

Маған дауыстап мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!

Ең бастысы — даналық, даналыққа кенелгін,

Қолыңдағы барыңмен парасатқа ие болғын.

Түсінігі мол — ұстамды жанның,

Ақымақтығы аян — ашушаңның.

Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар,

Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.

Өз жолы адамға түзу болып көрінер,

Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.

Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін.

Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!

Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін! Аумин.

Iluminação divina

A entrada da tua Palavra dá luz e entendimento. Deus revela verdades ocultas e transforma nossa visão da realidade.

Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін,

Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,

Білмейсің не дауылдың қайдан соғарын,

Не құрсақтағы баланың қалай қалыптасқанын,

Сол сияқты ұқпайсың ғаламның барлығын

Жаратқан Құдайдың жасаған ғажаптарын.

Иса:

— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.

Иса оларға қарап:

— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді.

Иса жайғасып отырғаннан кейін, он екі елшісін қасына шақырып алып:

— Кім ең бастыларың болғысы келсе, сол бәріңнен де кішік болып, бәріңе қызмет ете берсін! — деді.

Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар.Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның рухани ұрпағысыңдар, әрі Құдайдың оған уәде еткен игіліктерін иемденесіңдер.

алайда бәрін де тексеріп сынаңдар! Жақсысын ғана қабылдап, берік ұстаныңдар! Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!

Біз осы күнәкар дүниеде өмір сүргенмен, оның салты бойынша күреспейміз:

Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.

Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.