Pular para o conteúdo
Publicidade

Coragem

Por Bíblia Online

A coragem cristã não é ausência de medo — é confiança em Deus maior que todo temor. Sê forte e corajoso! é o chamado repetido do Senhor aos seus filhos.

Sê forte e corajoso

O Senhor é a minha luz e a minha salvação — de quem terei medo? Com coragem enfrentamos o mundo, porque Deus está conosco.

Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».

Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!»

Дәуіт өзінің ұлы Сүлейменге тағы мынаны да өсиеттеді: «Қайратты да батыл бол! Жұмысқа кіріс! Ештеңеден қорқып, уайымдама! Құдай Ием саған жар болады. Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылыс жұмыстарын бітіре алуың үшін Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Coragem em Cristo

Não vos deu Deus espírito de covardia. Sede fortes na fé! O perfeito amor lança fora todo medo.

Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.

Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.

Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!

Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!

Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ. Шынайы сүйіспеншілік қорқынышты жолатпайды, себебі қорқыныш жазаға байланысты. Қорқатын кісіде сүйіспеншілік мақсатына жеткен емес.

қарсыластарынан еш қорықпайды» дегенді естігім келеді. Сендердің тайсалмас жігерлерің қарсыластарыңның мәңгі жойылып кететінін, ал өздеріңнің құтқарылатындарыңды алдын ала білдіреді. Мұны іске асырушы — Құдай.

Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.

Não temas

Não temas, porque Eu sou contigo. Quando tiver medo, em ti confiarei. Deus é nosso escudo e fortaleza.

Қорықпа, Мен саған жар боламын,

Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!

Саған қуат беріп көмектесемін,

Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.

Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,

Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.

Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын

Деп саған берік уәдемді беремін.

Қорықпа, Мен саған жар боламын, ұрпақтарыңды шығыстан алып келемін, батыс елдерінен де сені жинаймын.

Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың.

Сиынып тұрамын Алла Тағалаға,

Маған игілік жасаушы Құдайға.

Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды,

Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды.

Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.

Құдайдан зұлым жаулардан құтқаруды сұрау

(Дәуіттің жыры.)

Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,

Жартастай берік қорғанымсың Сен,

Бас тарта көрме маған жауап беруден.

Егер де тіл қатып жауап бермесең,

Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.

Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,

Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.

Conforto e encorajamento

O Deus de toda consolação nos consola em todas as tribulações. Coragem não falta a quem descansa em Deus.

Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік

Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.

Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр. Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз. Иеміз Иса іспетті тәнімізде әрдайым азап шегіп, өлім қаупіне душар боламыз. Сол арқылы Оның өмірі де тәнімізден көрініс табуда.Себебі тірі жүрген біздер ұдайы Исаға бола өліммен бетпе-бет келеміз, осылай ажалды тәнімізден Оның өмірі көрініс табады.

Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.

Егер жақсылық жасауға ынталы болсаңдар, кім сендерге нұқсан келтірмек? Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, соларың арқылы жарылқанасыңдар. Өздеріңді қорқытқандардан «не қорықпаңдар, не қысылмаңдар!»

Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.

Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттері елес екен деп ойлап, айқайлап жіберді. Өйткені бәрі де Оны көріп, қорқып кетті.

Иса оларға дереу тіл қатып: «Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!» — деп көңілдерін орнықтырды да,

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.