Deus nunca falha
Deus nunca falha. Nenhuma de suas promessas vem ao chão. O que Ele prometeu, Ele cumprirá. A fidelidade de Deus é o fundamento inabalável da nossa fé.
Promessas cumpridas
Nenhuma boa palavra falhou de todas as promessas que Deus fez. Ele é fiel e verdadeiro em tudo o que diz.
Ал енді, адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Шын жүректен, бар жан дүниелеріңмен мынаны мойындауларың керек: Құдай Иелеріңнің өздеріңе берген барлық игілікті уәделерінің біреуі қалмастан бәрі жүзеге асты. Оның бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ.
Жаратқан Иенің Исраил халқына берген игілікті уәделерінің бірде-біреуі орындаусыз қалмай, барлығы да жүзеге асты.
«Берген уәдесі бойынша өз халқы Исраилге тыныштық сыйлаған Жаратқан Ие мадақталсын! Оның өз қызметшісі Мұса арқылы берген ізгі уәделерінің барлығы да орындалды.
Құдай өтірік айтатын пенде емес,
Ойын өзгерте беретін адам да емес.
Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,
Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?
Арыстандар азыққа зәру жүре алады,
Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.
Fidelidade eterna
A Palavra do Senhor permanece para sempre. A tua palavra é muito pura e o teu servo a ama profundamente.
Аспанға көз жүгіртіп, жерге де назар аударыңдар: аспан түтіндей ғайып болып, жер ескі киімдей пайдасыз болып қалады, оның тұрғындары шыбын-шіркей секілді лезде өліп құриды. Бірақ Менің құтқаруым мәңгілік болады, әділ билігімнің шегі болмайды.
Иерусалимді мекендейтін Жаратқан Ие әділ, Ол әділетсіз еш нәрсе істемейді. Таң атқан сайын Ол әділдікті жүзеге асырып, әрбір жаңа күн сайын сонысын тоқтатпайды. Бірақ әділетсіздер ұят дегенді білмейді.
Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
Segurança em Deus
Todas as promessas de Deus são sim e amém em Cristo. Fiel é Aquele que prometeu — Ele jamais nos decepcionará.
Оның барлық уәделері Мәсіх арқылы жүзеге асып, «иәға» айналады; сондықтан «аумин» деп, Мәсіхтің атымен Тәңір Иенің ұлылығын мадақтаймыз. Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі: Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды.
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.
Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.