Pular para o conteúdo
Publicidade

Deus

Por Bíblia Online

Deus é a realidade suprema do universo — o criador, sustentador e redentor de tudo o que existe. Conhecê-lo é a essência da vida eterna e o maior privilégio da existência humana.

Quem é Deus

Não há santo como o Senhor. Tu és grande e fazes maravilhas — só tu és Deus. Sua majestade transcende toda compreensão.

Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,

Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,

Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты!

Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.

Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай. (Сондықтан да Оның рухани Ұлы Мәсіх Мұсадан анағұрлым мәртебелі!)

Озбырлықтан құтқарған Құдайды мадақтау жыры

Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!

Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.

Сондай керемет істерді жасадың,

Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,

Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.

Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді.

Deus é amor

Deus é amor. Quem permanece no amor permanece em Deus e Deus nele. Nós amamos porque Ele nos amou primeiro.

Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.

Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.

Біреу «Құдайды сүйемін» дей тұра, бауырын жек көрсе, оның өтірікші болғаны. Себебі көз алдындағы бауырын сүймейтін кісі көзге көрінбейтін Құдайды қалай сүйе алады?

Ешкім еш уақытта Құдайды көзімен көрген емес; алайда бір-бірімізді сүйсек, онда Құдай жан дүниемізден орын алып, Оның сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жеткені.

Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».

Buscar a Deus

Buscareis o Senhor e o encontrareis quando o buscardes de todo o coração. Provai e vede que o Senhor é bom.

Сол алыс жерлерде сендер өз Құдайларың Жаратқан Иені іздеп, Оған бет бұра бастайсыңдар. Егер Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен бет бұрсаңдар, Оны табасыңдар.

Сондықтан оларға кенет ажал жетсін,

Маған құрған торына өздері түссін,

Осылайша өз бастары құрып кетсін.

Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші,

Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.

Сиынып тұрамын Алла Тағалаға,

Маған игілік жасаушы Құдайға.

«Күнәмді айтқым келмеп еді,

Сонда аяқ-қолым сырқырай берді,

Ыңқылдап жүрдім күні бойы.

Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады,

Жаратқан Иенің ризашылығын алады.

Viver com Deus

Sê forte e corajoso, porque o Senhor teu Deus é contigo. Em Deus encontramos a razão de existir.

Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».

Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!

Құдайдың өз халқын еліне қайтарып әкелдіруі

«Орныңнан тұр, уа, Иерусалим, сәулеңді шаш! Сен нұрға бөленіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты үстіңнен көтеріліп келе жатыр.

Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,

Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.

Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын

Деп саған берік уәдемді беремін.

Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.

Алданбаңдар: Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді. «Адам не ексе, соны орады» дейді.

Ата-анаңды сыйла!

Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.