Pular para o conteúdo
Publicidade

Filhos

Por Bíblia Online

Os filhos são herança do Senhor — bênção e responsabilidade sagrada. A Bíblia orienta sobre a criação dos filhos com amor, disciplina e instrução nos caminhos de Deus.

Herança do Senhor

Os filhos são herança do Senhor e o fruto do ventre é seu galardão. Bem-aventurado o homem que enche deles a sua aljava.

Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі

Жемісті жүзім бұтасы секілді,

Ал ұл балаларың дастарқан басындағы

Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

Жаратқан Ие осылай жарылқайды

Өзін терең қастерлеген жандарды.

Сион тауындағы киелі үйінен

Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.

Өмір бойы Иерусалимнің амандығын

Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жастайынан көріп келген қыспағы

Жайлы айтып берсін Исраил халқы:

«Жастайымнан мол көрдім қыспақты,

Алайда мені мүлдем жеңе алмады,

Жон арқамда айдағандай соқаны

Ұзынынан созылған атызы қалды.

Бірақ Жаратқан Ие әділетті,

Сұмдар салған кісеннен азат етті».

Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жастайынан көріп келген қыспағы

Жайлы айтып берсін Исраил халқы:

«Жастайымнан мол көрдім қыспақты,

Алайда мені мүлдем жеңе алмады,

Жон арқамда айдағандай соқаны

Ұзынынан созылған атызы қалды.

Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсын

Әрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын.

Қазіргі кезден мәңгілікке дейін

Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!

Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.

Сендердің ұл-қыздарың, жерлеріңнің өнімдері, малдарыңның төлдері: табындағы бұзауларың мен отардағы қозы-лақтарың жарылқаулы болады.

Сендер басқа халықтардың бәрінен де мол жарылқанатын боласыңдар. Араларыңда бала сүйе алмайтын не еркек, не әйел болмайды, малдарың да қысыр қалмайды.

Instruir e disciplinar

Instrui a criança no caminho em que deve andar, e quando envelhecer não se desviará dele. Disciplina é amor em ação.

Баланы жастан салсаң тура жолға,

Есейгенде ол содан таймайды да.

Баланың жүрегінде надандық бар,

Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.

Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,

Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.

Тиянақты тәрбие мен қажетті жаза

Баланы ақылды қылар,

Ал өз бетімен жіберілген бала

Анасын масқараға қалдырар.

Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме,

Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,

Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

Балалар, әке өсиетіне құлақ түріңдер,

Парасатқа ықылас бөліп, меңгеріп алыңдар,

Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:

Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.

Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!

O amor de Deus por crianças

Deixai vir a mim as crianças. Jesus acolheu, abençoou e honrou as crianças como modelo de fé e humildade.

Мұны байқаған Иса наразы болып былай деді:

— Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған.

Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз!

Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.

Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың,

Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,

Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ.

Bênção e promessa

O Senhor te abençoe e te guarde. Os filhos dos justos serão abençoados e suas gerações caminharão na retidão.

Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,

Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,

Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!

Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,

Әрі топырақтың құнарлылығынан,

Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан!

Саған ұлттар қызмет жасай берсін,

Һәм халықтар бас иетін болсын!

Сен билейтін бол бауырларыңды,

Саған бағынсын анаңның ұлдары!

Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,

Ал батасын беретіндер жарылқансын!»

Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Олар жайлаудың шөбіндей көктеп, өзен жағасындағы теректей өсіп-өне береді.

Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.

— Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім. —

Сонда олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Олар Мені әрдайым қастерлей алулары үшін оларға шын жүректен бірігіп, бір жолмен жүруді сыйлаймын. Бұл олардың өздері мен кейінгі балалары үшін игілікті болады.

Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:

Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,

Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,

Иә, әділдер атыңды мадақтайды,

Адал жандар көз алдыңда жасайды.

Көршілеріміз бізді келеке қылуда,

Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.

Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,

Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.

Әділ жан мінсіз өмір сүрер,

Балалары жарылқауды иемденер.

Criação e obediência

Pais, criai vossos filhos na disciplina e instrução do Senhor. Filhos, obedecei a vossos pais — isto é justo e agradável a Deus.

Ата-ана мен балаларына өсиет

Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».

Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!

Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!

Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!

Ата-анаңды сыйла!

Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.

Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.

Әйел босанатын кезде қайғырады, себебі оның қиналатын уақыты жетті. Ал баласын туған соң, дүниеге адам келді деп қуанғанынан қиналғанын ұмытып кетеді.

Сендер жауға олжа болады деген балаларың — әлі де жақсы мен жаманды айыра алатын жасқа жете қоймаған нәрестелерің, міне, солар елге кіретін болады. Мен оларға елді табыстаймын, олар оны иемденіп алады!

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.