Pular para o conteúdo
Publicidade

Gratidão a Deus

Por Bíblia Online

A gratidão a Deus é atitude que transforma a vida. Reconhecer que toda boa dádiva vem de Deus nos leva a louvar, servir e viver com alegria e propósito.

Tudo vem de Deus

Toda boa dádiva vem do alto. Agradecer a Deus é reconhecer que Ele é a fonte de toda bênção e sustento.

Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды.

Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды.Олар Құдайдың сөзін оқып, Оған сиынуымыз арқылы Оған бағышталып адал болады.

Құдайдың рақымына шүкірлік

Міндетімді атқаруға күш-қуат беріп келе жатқан Иеміз Мәсіх Исаға ризашылығымды білдіремін. Өйткені Ол мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындаған.

Қауымның Құдайға сиынуы

Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер.

Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.

Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!

Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер!

Louvor e gratidão

Louvai ao Senhor e dai-lhe graças! Ele fez maravilhas e é digno de todo louvor e agradecimento.

Осылай зұлымдығы өз басына келеді,

Жауыздығы өзінің төбесіне түседі.

Мені құтқарғаныңа қуантып тағы,

Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты.

О, Құдайым, босатшы мені зұлымнан,

Күнәкар қанаушының қыспағынан.

Жеңімпаз Құдайға арналған мадақтау

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)

Енді неге қоршаған дуалын қираттың?

Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін,

Азғын жүректіні қасымнан қуамын,

Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,

Ғұмыр жасым қайғыдан қысқаруда,

Күңіреніп өмірім таусылуда,

Күнәма бола күш-қуатым қайтуда,

Сүйектерімнің күші кетіп қуаруда.

Көршілеріме жек көрініштімін,

Таныстарыма да қорқыныштымын,

Мені көре қалса қашады далада,

Осындай болдым жауларыма бола.

Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,

Оның есімін атап сиыныңдар,

Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар!

Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,

Мәңгі ұласады берік рақымы!

Expressões de gratidão

Dar graças com oração e súplica. A gratidão se expressa em palavras, atos e atitudes que glorificam a Deus.

Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!

Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!

Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды.

Ондағы көздегені — сендердің әр жағдайда жомарттық жасай алатындай дәулетті болуларың, әрі біз арқылы жіберген көмектерің үшін көп адамдардың Құдайға шүкірлік етуі.

Басымыздан өткен осылардың бәрі де сендердің игіліктерің үшін. Бұның нәтижесінде барған сайын көптеген адамдар Құдайдың рақымын қабылдап, Оған шексіз ризашылық білдіріп, даңқын асырмақ.

Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді.

«Уа, бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар және мәңгі болып келген Құдай Ие! Сен ұлы құдіретіңді қолыңа алып, Патшалық құра бастадың, соған ризашылығымызды білдіреміз.

Жарамсыз да жалған тәңірлерге

Табынушылар безеді өздеріне

Рақым көрсетпек болған Құдайынан.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.