Pular para o conteúdo
Publicidade

Intimidade com Deus

Por Bíblia Online

A intimidade com Deus é o maior privilégio do cristão. Ele nos convida a nos aproximar, a conhecê-lo profundamente e a desfrutar de comunhão diária com o Criador do universo.

Aproximar-se de Deus

Chegai-vos a Deus e Ele se chegará a vós. Deus deseja intimidade, não religiosidade. Ele busca os que o buscam de todo coração.

Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!

Мұқтаждарды игілікті өмірді иемденуге шақыру

«Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар! Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар! Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін.Еске алыңдар, Мен Дәуіт арқылы халықтарға құдіретімді паш еттім, Дәуітті соларға көсем әрі билеуші болуға тағайындадым. Сион, сен де бұрын білмеген халықтарды шақырасың. Өзіңді танымаған ұлттар саған келуге асығатын болады. Себебі Мен, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, осыларды іске асырып, сені салтанатты ұлылыққа бөлемекпін». Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар!

Маған сиынбастан бұрын Мен оларға жауап беремін, олар әлі сөйлеп жатқанда-ақ Мен өтініштеріне құлақ саламын.

Маған дауыстап мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!

Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Sede de Deus

Como a corça deseja as correntes de água, assim a minha alma suspira por ti, ó Deus. A intimidade nasce do desejo profundo.

Құдайдың жер бетіндегі тұрағын аңсау

Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы,

Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы,

Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы!

Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың,

Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың?

Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін,

Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?

Залым жаудан құтқарушы — Құдай Тағала

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр,

Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,

Зұлымның астыртын әрекетінен

Қорғап әрі залымның бүлігінен.

Тілдерін олар семсердей өткірлеген,

Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.

Айыпсыз жанды атады тосқауылдан,

Кенеттен тап береді қорықпастан.

Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды,

Құпия тор құруды жоспарлайды,

«Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.

Қаскүнемдік ойластырып, құрайды,

«Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды.

Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық,

Жүрек түкпірлері пендеге жабық.

Ал Құдай соларды жебемен атады,

Кенеттен олар жарақаттанады,

Өз сөздеріне бола талқандалады,

Мұны көргендер олардан бас тартады.

Күллі адамзат үрейленеді,

Құдайдың істерін жария етеді,

Оның керемет жасағанын түсінеді.

Жаратқанға әділдер шаттанады,

Олар Иемізден пана табады.

Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.

Unidade com o Pai

Jesus orou pela unidade dos seus com o Pai. A intimidade com Deus inclui confissão, perdão e alegria na comunhão.

Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім. Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе адамзаттың көзі жетсін.

Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».

Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.