Pular para o conteúdo
Publicidade

Петірдің 2-хаты 2

Жалған тәлім берушілерден сақтандыру

1 Алайда сол заманда Құдай халқының арасында жалған пайғамбарлар да пайда болды. Дәл солай сендердің араларыңда да жалған тәлім берушілер болмақ. Олар жік салғыш зиянды ілімдерді жасырын енгізеді; тіпті өздерінің күнәларының құнын өтеп жанын құрбан еткен Әміршісі Мәсіхті де мойындамайды! Сондықтан олар бастарына кенеттен түсетін жойылуды өздері шақырып алады. 2 Көптеген адамдар солардың азғындықтарына еріп кетпек. Оларға бола ақиқат жолы масқараланатын болады. 3 Сол жалған тәлім берушілер сендерді ашкөздіктен өтірік сөздерімен алдап кетпек. Олардың үкімі әуелден-ақ бастарына төніп тұр; жойылулары кешікпей, сөзсіз іске аспақ!

Тәңір Иенің зұлымдарға қаһарын төгіп, әділдерді құтқаруы

4 Себебі Құдай күнә жасаған періштелерді де аяған жоқ. Оларды қияметте сотталуға сақтау үшін тозақтың2:4 (Аян 20:1-3) Яки: тұңғиық тозақтың (жаһаннамның). қара түнегіне ұстап беріп, шынжырлатып тастады. 5 Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды.2:5 Жар 6:5-10; 7:1; 8:15-16.6 Құдай Содом мен Ғомора қалаларын да үкімдеп, күл-талқандарын шығарды.2:6 Жар 19:24-25,28. Ол солардың мысалымен болашақтағы зұлымдардың неге ұшырайтынын көрсетті. 7 Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді.2:7 (Жар 19:7-8,16,22,29; 13:13) Лут — Лут пайғамбар немесе Лот деп те аталады.8 Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділ ар-ұжданы алдында азап шекті.2:8 Жыр 118:139,158.

9 Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды,2:9 Қор1 10:13; Мат 6:13. ал әділетсіздерді қиямет соты болатын күнге дейін сақтап, жазалауды, әрине, біледі. 10 Әсіресе, күнәкар болмыстарының арам құмарлықтарының жетегіне ерген, ешбір билікті елемейтіндердің тағдырлары осындай болмақ!2:10 Яһд 1:4,6-8,10,16.

Сондай тәкаппар да қиқар жалған тәлім берушілер2:10 2:1,12. абыройлы билеушілерді балағаттаудан қаймықпайды. 11 Тіпті күш-қуаттары әлдеқайда зор періштелер де соларды Жаратқан Иенің алдында ешқандай балағат сөзбен айыптамайды.2:11 Яһд 1:9.12 Бірақ сол алдамшы тәлім берушілер ақылдарымен емес, жабайы аңдар сияқты түйсіктерімен ғана жүреді.2:12 Яһд 1:10. Ал аңдар аулап, өлтіру үшін бар ғой. Сол адамдар түсінбеген нәрселері туралы жаман сөз айта береді. Ақырында жабайы аңдар сияқты олар да жойылмақ, 13 осылай жасаған әділетсіз істеріне лайықты жазаларын тартпақ.

Мұндайлар тіпті күндіз2:13 (Сал1 5:7) Яки: ұзақты күн. тәндік тәбеттерін қанағаттандырып, алдамшы ырду-дырдудан ләззат табады; өздеріңмен бірге тойлауларымен ар-ұяттарыңа дақ түсіріп, сендерді жұрт алдында ұятқа қалдырады.2:13 Яһд 1:12.14 Олар ұдайы күнә жасаудың орайын іздеп, көздерімен әйелдерді «ішіп-жеп», сенімі тұрақсыздарды өздеріне еліктіріп отырады. (Солардың саны көбейе түссін деп) ашкөзденіп үйренген мұндайларды Құдайдың қарғысы атқан! 15 Олар баяғыдағы Босор ұлы Балағамның жолына түсіп, тура жолдан тайып, адасып кетті. Балағам әділетсіз ісі үшін алатын сыйын қатты ұнатты,2:15 Яки: Босор (Беғор) ұлы Балағам өзінің исраилдіктерді қарғап, әділетсіздік жасауы үшін алатын сыйын аңсады (Рул 22:4-20; Яһд 1:11).16 бірақ жаман қылықтары бетіне басылды: оның есегіне тіл бітіп, адам секілді сөйлеп, қиқар пайғамбардың ақымақ әрекетін тоқтатты!

17 Сол жалған ілімді таратушылар қауымды алдап, тақырға отырғызатын, кеуіп қалған бұлақ көздеріне және дауыл айдаған, жаңбырсыз ақ бұлттарға ұқсайды. Оларға тозақтың қара түнегі дайын тұр.2:17 Немесе: қара түнегі мәңгілікке дайын тұр (Яһд 1:6,13).18 Мұндайлар бос сөздермен мақтанып жүреді. Олар теріс жолмен жүргендердің арасынан жуырда ғана құтылып шыққан адамдарды2:18 1:4; 2:20; Елш 2:40. күнәкар болмыстарының құмарлықтарын қайтадан жүгенсіздікпен қанағаттандыруға еліктіріп, торларына түсіреді. 19 Олар осындай жандарға бостандықты уәде етеді, бірақ өздері азғындықтың құлдығында жүреді. Өйткені адам неден жеңілсе, соның құлы болар.2:19 2:20; Жох 8:34; Рим 6:12,16,19; Тит 3:3.

20 Осындайлар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білгендері арқылы осы дүниелік арамдықтардан арылып, құтылған болатын. Алайда кейін қайтадан олардың шырмауына түсіп, жеңіледі. Сонда олардың соңғы жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болмақ.2:20 Мат 12:45; Лұқ 11:26.21 Олар үшін әділдік жолын танып біліп, Мәсіхтің тапсырған қасиетті өсиеттерін қабылдап, кейін кері бұрылғаннан гөрі, сол жолды мүлдем білмегендері жақсы болар еді.2:21 Езк 18:24; Жақ 4:17; Евр 6:4-6; 10:26-31.22 Бастарынан кешкендерінде мына тауып айтылған мақал-мәтел жүзеге асады:

«Төбет қайта оралар өзінің құсығына»,2:22 Нқл 26:11.

«Жуылған шошқа қайтар аунайтын батпағына».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

2 Pedro
Ver todos os capítulos de 2 Pedro