Pular para o conteúdo
Publicidade

Irrepreensível

Por Bíblia Online

Ser irrepreensível não é ser perfeito — é viver com integridade diante de Deus e dos homens. A Bíblia nos chama a buscar uma vida reta, pura e sem manchas visíveis de hipocrisia.

O padrão divino

Deus é perfeito e chama seus filhos à integridade. A palavra de Deus é purificada e Ele é escudo dos que caminham na retidão.

Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,

Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.

Құдайға сенім артқан бар жандарға

Ол — қалқандай қорған әрі берік баспана.

Айлакер өтірікшілерден қиналған жанның мінажаты

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,

Ол мінажатыма түрді құлағын.

Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,

Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»

Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,

Маған өте ұнайды елде олар.

Әділдерге Ол парасатты сақтап, ұсынар,

Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар.

Buscar a perfeição em Cristo

Todos tropeçamos em muitas coisas, mas o alvo é a maturidade. Cristo é a fonte da salvação eterna para todos os que lhe obedecem.

Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.

Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау.

көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.

Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.

Иса оған былай жауап берді:

— Егер мүлтіксіз болғың келсе, барып, мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер!

Vida íntegra

Que a vossa alegria seja completa! Vivam em harmonia, sejam irrepreensíveis — transformados pela renovação da mente.

Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым.

Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.

Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.

Қауымдағы жікке бөліну мәселесі

Бауырластарым, сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің атынан ескертемін: ауызбірлікті сақтап, жікке бөлінбеңдер! Қайта, бірдей мақсат пен пікірде болып, бірлікте тұрыңдар!

Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.

Мәсіхтің кішіпейілділігі мен шынайы ұлылығының үлгісі

Мәсіхпен байланыстарың сендерді жігерлендіріп, Оның сүйіспеншілігі көңілдеріңді жұбатқандықтан және өздерің Киелі Рухпен қатынаста жүріп, қайырымды да жанашыр болғандықтан, пікірлес, бір-біріңді тең сүйетін, ынтымақтас әрі ниеттес болыңдар. Осылай мені қуанышқа кенелтсеңдер екен. Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер! Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын:

Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра,

Ол Онысына жармасқан жоқ,қайта,

Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан

Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын:

Ол адам секілді бұ дүниеге келді,

Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді.

Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды,

Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.

Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,

Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,

Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді:

Енді естігенде Исаның Атағын

Көктегі, жердегі, жер астындағылардың

Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында

Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да

Жаратқан Ие деп ашық мойындауға

Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.

Сонымен, сүйікті бауырларым, сендермен бірге болғанымда әрдайым Құдайға мойынсұндыңдар, ал қазір мен қастарыңда жоқ кезде де солай істей берулерің әлдеқайда маңыздырақ болмақ: құтқарылуларыңа сай іс-әрекет жасап, соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер!Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.

Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар. Сонда мен араларыңда жан сала істеп жүрген еңбегімнің босқа кетпегеніне Мәсіхтің қайта оралған күні риза болып, қатты қуанатын боламын.

Сендердің Құдайға сеніп, өмірлеріңді бағыштауларың Оған арналған құрбандық іспетті. Ал мен, мүмкін, шейіт болып, қаным «сол құрбандықтың үстіне» төгілетін де шығар. Сонда мен қуанып, осы қуанышымды бәріңмен бөліспекпін. Сол сияқты, сендер де қуанып, бірге шаттаныңдар!

Екі адал қызметкерге кепілдеме

Иеміз Иса қаласа, жақын арада сендерге Тімотені жіберетін ойым бар. Осылайша сендер жігерленіп, оның сендерден алып келетін хабары маған да жігер берер деп сенемін. Ол сияқты менімен ниеттес, шын көңілден қамдарыңды ойлайтын басқа адамым жоқ. Өзгелердің бәрі Иса Мәсіхтің ісін емес, өз қара бастарының қамын ойлайды. Ал Тімотенің сенімді екенін өздерің білесіңдер: ол маған Ізгі хабарды уағыздауда ұлының әкесіне көмектесетініндей қолғабыс етіп келеді. Сот ісімнің немен аяқталатынын біле сала, оны сендерге жібермекпін.Иеміз маған жақын арада өзім де сендерге барамын деген сенім сыйлады.

Қызметтес әрі күрестес серігім — сендер маған қамқор болсын деп жіберген бауырымыз Епафродитті шұғыл түрде өздеріңе қайтаруды қажет деп таптым. Ол өзінің ауырып қалғаны туралы сендерге хабар жеткенін қатты уайымдап, өздеріңді көруге құштар болып жүр. Шынында да ол қатты ауырып, хал үстінде жатты. Бірақ Құдай оған рақымшылық жасады, оған ғана емес, қасіретке қасірет қоспау үшін маған да рақым көрсетті. Сондықтан Епафродитті жібермек болып, одан бетер асығып отырмын. Оны көріп қуанған сендерді ойлап мен де қайғырмайтын боламын. Епафродитті Иемізбен жүрген бауырларың ретінде қуана қарсы алыңдар. Мұндайларды жалпы құрметтеңдер. Себебі ол Мәсіхтің ісі үшін өлімге таяп келді. Маған сендер бере алмаған көмекті ол өз басын өлімге тіге отыра көрсетті.

Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!

Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін. Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.