Pular para o conteúdo
Publicidade

Патшалықтар 4-ж. 2

Ілияс пайғамбардың көкке көтеріліп кетуі

1 Жаратқан Ие Ілиясты құйынмен2:1 2:11; Пат1 18:12; 19:11. көкке көтеріп әкетерінің алдында Ілияс Еліше2:1 (Пат3 19:16) Осы есім Елисей, Аляса немесе Ал-Яса деп те жазылады. екеуі Ғылғалдан2:1 Ғылғал: Ефремнің таулы жеріндегі шағын қала, Бетелден 13 шақырым солтүстікке қарай (2:2; 4:38), Иордан алқабындағы Ғылғал (Еш 5:9; 10:15) емес. жолға шыққан болатын. 2 Ілияс Елішеге:

— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Бетелге жіберіп отыр, — деді. Бірақ Еліше:

— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап қайтарды. Содан екеуі Бетелге ылдилап барды. 3 Сол қалада тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері2:3 Яки: пайғамбарлар тобы не қауымы (Пат1 10:10-12; 19:20; Пат3 20:35). Елішенің алдынан шығып:

— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:

— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. 4 Ілияс Елішеге:

— Еліше, қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені енді Иерихонға2:4 Еш 6:26; Пат3 16:34. жіберіп отыр! — деді. Бірақ Еліше:

— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап берді. Сонымен екеуі Иерихонға жетті. 5 Сол маңайда тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің қасына келіп:

— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:

— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. 6 Кейінірек Ілияс оған:

— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Иорданға жіберіп отыр! — деді. Еліше:

— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап берді. Сонда екеуі әрі қарай бірге жүре берді.

7 Олар Иордан өзенінің жағасына жетіп тұрған кезде пайғамбарлар шәкірттерінің елуі келіп, біраз алысырақтан оларға қарап тұрды. 8 Ілияс шапанын шешіп, орап алып, сонымен судың бетін ұрды. Өзеннің суы қақ айырылып, Еліше екеуі өзеннің арғы жағына құрғақ жермен өте шықты.

9 Олар өзеннің арғы жағына жеткеннен кейін Ілияс Елішеге:

— Мені өз қасыңнан алып кетпей тұрғанда айтшы: Менен тілейтін нең бар? — деді. Сонда Еліше:

— Маған өзіңіздегі Рухтан екі есе берілсе екен,2:9 Таурат заңына сай, адам тұңғыш ұлына мұраны екі есе мол үлестіруі керек еді. Еліше Ілиястың ізбасары ретінде Жаратқан Иенің Рухының даналығы мен құдіретіне айрықша мұқтаж екенін ұқты (Заң 21:17; Рул 11:17; 27:20). — деп өтінді. 10 Ілияс:

— Бұл өтінішің қиын екен. Әйтсе де, егер мені өз қасыңнан әкетілген кезімде көре алатын болсаң, өтінішің орындалғаны, ал көре алмасаң, онда орындалмағаны! — деді.

11 Солай екеуі сөйлесіп жол жүріп бара жатқанда, кенеттен жалындаған отты аттар жегілген жалындаған отты күйме пайда болып, екеуін ажыратып жіберді. Ал Ілияс сол сәтте бір құйынның ішінде көкке көтеріліп кетті. 12 Осының бәрін көріп тұрған Еліше: «Әкем-ау, әкем! Исраилді қорғаушы әрі жетелеуші!»2:12 Немесе: Исраилдің күймесі әрі салт аттылары (яки: аттары)! — деп айқай салды. Ілиясты енді көре алмаған сәтте Еліше қатты қайғырып үстіндегі киімін қапсыра ұстап, айыра жыртты.

Елішенің Ілияс пайғамбардың ізін басуы

13 Содан кейін Еліше жерге түсіп қалған Ілиястың шапанын2:13 1:8; 2:8; Пат3 19:19; Зәк 13:4. көтеріп алып, Иорданның жағасына қайтып барып тұрды. 14 Сонда ол Ілиястың шапанын қолына алып, онымен су бетін ұрып: «Ілиястың сиынған Құдайы Жаратқан Ие қазір қайда екен?» — деді. Еліше су бетін Ілияс істегендей2:14 2:8. ұрып қалған соң, су екі жаққа қақ айырылып, Еліше өзеннен өте шықты.

15 Иерихоннан келген пайғамбарлар шәкірттері мұны көргенде: «Ілияста болған Рух2:15 2:9. Елішеге қонған екен!» — десті. Олар Елішенің алдына келіп, жерге дейін иіле тағзым етіп, 16 былай деді:

— Алдыңыздағы пенделеріңіздің арасында елу шақты қайратты ер адам бар. Олардың барып, қожайыныңызды іздеп келулеріне рұқсат ете көріңіз. Мүмкін, Жаратқан Иенің Рухы оны көтеріп әкетіп, бір тау басына немесе бір аңғарға тастап кеткен шығар! — Ал Еліше:

— Жоқ, оларды жібермеңдер! — деп қарсылық білдірді. 17 Бірақ олар қадалып сұрап қоймағандықтан Еліше өзін ыңғайсыз сезініп: — Мейлі, іздеуге жіберіңдер, — деп келісті. Олар елу жігітті жіберіп, бұлар Ілиясты үш күн іздеп, таба алмады. 18 Сол жігіттер Иерихонда аялдап жатқан Елішеге қайтып келгенде, ол:

— Сендерге: «Барып, іздемеңдер!» деп айтпап па едім?! — деп ескертті.

Еліше пайғамбардың су көзін кереметпен тазартуы

19 Бұдан кейін қала тұрғындары Елішеге:

— Мырза, өзіңіз көріп отырсыз, қаланың тұрған орны жақсы. Алайда суы нашар, жері де құнарсыз!2:19 Немесе: суы нашар, осы жерде түсік жиі болады! (2:21; Еш 6:26; Заң 28:18) — деді. 20 Сонда ол:

— Маған ішіне тұз салып, бір жаңа құмыраны алып келіңдер! — деп тапсырды. Олар соны әкелді. 21 Пайғамбар бұлақ көзіне барды да, оған сол тұзды тастап: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен осы суды тазарттым. Бұдан былай ешқашан одан өлім де, құнарсыздық та2:21 Немесе: өлім де, түсік те (2:19; 4:41; Мыс 15:25; 23:26). болмайтын болады!» — деді. 22 Елішенің айтқан осы сөзіне сай, бұл қайнардың суы күні бүгінге дейін таза.

Пайғамбарды мазақтаған жастардың жазалануы

23 Сол жерден Еліше (қыратты жердегі) Бетелге көтеріліп барды. Жолшыбай оған сол қаладан шыққан бір топ жасөспірім кездесе кетті. Олар Елішені келекелеп:2:23 Сол кезде Бетел халықтың Жаратқан Иеге опасыздық етіп жалған тәңірлерге табынуының орталығы болатын (Пат3 12:28-32; тағы қ: Шеж2 36:16). «Әй, тақыр бас, көтеріле бер! Әй, тақыр бас, көтеріле бер!» — деп айқайлап мазақтады. 24 Еліше кері бұрылып оларға қарап, Жаратқан Иенің атынан қарғыс айтты.2:24 1:10-12; Заң 28:15-26; Нех 13:25-27. Сонда лезде орманнан екі ұрғашы аю2:24 Яки: екі кірекей. шыға келіп, жасөспірімдердің қырық екісін жарып тастады. 25 Еліше сол жерден Қармил тауына барып, одан әрі Самарияға қайта оралды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também