Justiça
A justiça é atributo de Deus e vocação do cristão. A Bíblia chama os crentes a buscar a justiça, praticar o que é reto e confiar no Deus que julga justamente.
Buscar a justiça
Buscai primeiro o Reino de Deus e a sua justiça. Quem semeia justiça colherá galardão seguro e duradouro.
Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Арамза өткінші өнім жинайды.
Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды.
Әділдік пен берік мейірім жолынан
Шын өмір, әділет, құрмет табады жан.
Адамның адалдық пен әділдік сақтағаны
Жаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды.
Өз жолы адамға түзу болып көрінер,
Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.
Арам байлық пайдалы болмайды,
Ал әділдік ажалдан сақтайды.
Justiça em Cristo
Deus tornou Cristo a nossa justiça. Pela fé somos declarados justos diante de Deus — não por obras, mas pela graça.
Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.
Мәсіхтің қайта оралуына үміттеніп, әділ өмір сүру
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.
Соңғы өсиет: ұлы мақсатқа адал бол!
Ал сен, Құдайдың таңдаған адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділ, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім мен сүйіспеншілікке, төзімділік пен ілтипаттылыққа ұмтыла бер.
Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
Алданбаңдар: Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді. «Адам не ексе, соны орады» дейді.
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Praticar a justiça
O fruto da justiça semeia-se em paz para os que promovem a paz. Os olhos do Senhor estão sobre os justos.
Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Алайда мен сүрінгенде олар қуанды,
Айыптауға маған қарсы жиналды,
Бейхабар мені үздіксіз даттады,
Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
Беташар жыр: шынымен бақытты адам
Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
Consequências
O Senhor recompensará cada um segundo suas obras. A justiça exalta a nação e traz segurança aos que a praticam.
(Киелі жазбада мына тәрізді сөздер жазылған:) Құдай әркімге істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады.
Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!
Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, соларың арқылы жарылқанасыңдар. Өздеріңді қорқытқандардан «не қорықпаңдар, не қысылмаңдар!»
Егер өздеріңе жақсылық істегендерге ғана жақсылық істесеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Оны күнәкарлар да істейді ғой.
Тәңірге асыға өз меншігін бағыштау,
Ал берген антына соңынан өкіну,
Бұл — өзіне-өзі тұзақ құру.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.