Бірінші жазба
Беташар жыр: шынымен бақытты адам
1 Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.1:1 (25:4,5; Ерм 15:17) Яғни қасиетті атаулыны менсінбей мазақтайтындармен араласпайды.
2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,1:2 Яки: Жаратқан Иенің (Таурат) заңынан рақат табады.
Күні-түні сол туралы ойланады.
3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:
Сол мерзімінде жемісін береді,
Жапырақтары кеуіп те сембейді,
Не істесе де, ол табысқа жетеді.
4 Ал құдайсыздарда солай болмайды,
Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
5 Құдай сотында ақтала алмайды,
Әділдер қауымында орны болмайды.
6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,
Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.