Língua
A língua tem poder de vida e de morte. A Bíblia compara a língua ao leme de um navio e à faísca que incendeia uma floresta. Dominar a língua é prova de maturidade espiritual.
O poder da língua
A morte e a vida estão no poder da língua. Quem a domina é varão perfeito, capaz de controlar todo o corpo.
Тілде өмір мен өлімнің билігі болар,
Сөзге үйір соның жемісін татар.
Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
Мініс атын өз еркімізге көндіру үшін жай ғана ауыздық салып, бүкіл денесін бағындырып, бағыттаймыз. Немесе мысалға теңіз кемесін алайық. Ол қаншама үлкен болса да, күшті желмен ыққанда өте кішкентай тұтқасымен басқарылып, оны ұстап тұрған кісінің қалаған бағытына жүреді. Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады.
От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.
Әр түрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда.Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.
Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады.
Бауырластарым менің, бұлай болмасын! Бұлақ көзінен бір мезгілде тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе? Бауырластарым, ойлаңдаршы: өрік ағашы зәйтүн жемісін немесе жүзім бұтасы өрік жемісін бере ала ма? Әрине, бермейді. Дәл сол сияқты, ащы су шыққан бұлақтан тұщы су да шықпайды.
Palavras sábias
A língua branda quebra até ossos. A palavra certa no tempo certo é como maçãs de ouro em salvas de prata.
Билеушіні төзімділікпен сендірер,
Қарсыласты майда тілмен көндірер.
Мылжың өз тілімен семсердей шағар,
Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар.
Шыншылдың сөзі мәңгілік,
Өтірікшінің сөзі бір-ақ сәттік.
Сөзуар құтыла алмас күнәдан,
Ал ақылды өз аузына ие болған.
Үндемесе тіпті наданды саналы дер,
Аузына ие болса, ол дана болып көрінер.
Disciplinar a fala
Quem guarda a boca e a língua guarda a sua alma de angústias. A religião sem controle da língua é vã.
Өзін діншілмін деп санағанмен, тіліне ие бола алмайтын әркім өзін-өзі алдап жүр. Оның діншілдігі еш пайдасыз.
Жаратқанға сенімін артқан бақытты!
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Жақсылығыма жамандықпен қайтарар,
Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.
Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым,
Ораза ұстап жанымды қалжыраттым,
Жаратқанға олар үшін жалбарындым.
Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,
Өткір тілдері жыландай шағады,
«Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.
Көк пен жерді жаратқан
Құдай Ием маған жар».
Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,
Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?
Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр,
Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,
«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,
Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?
Toda língua confessará
Ao nome de Jesus todo joelho se dobrará e toda língua confessará que Jesus Cristo é Senhor, para glória de Deus Pai.
Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,
Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,
Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді:
Енді естігенде Исаның Атағын
Көктегі, жердегі, жер астындағылардың
Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында
Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да
Жаратқан Ие деп ашық мойындауға
Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.
Сүйіспеншілік туралы толғау
Мен адамдардың түрлі тілдерінде
Және періштелердің тілдерінде
Жатық та мүдірмей сөйлей білсем де,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Сөздерім сыңғырлаған қоңырауға
Әрі шылдырлаған асатаяққа
Ұқсап мәнсіз боп қалады сонда.
Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.
Ал Жаратқан Ие көктен түсіп, адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараға көз салып, былай деді: «Олар біртұтас халық болып, бірдей тілде сөйлеп, мынаны істей бастады. Бұдан былай олар ойындағыларын жүзеге асырмай қоймайтын болады. Енді Біз жерге түсіп, бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберейік».
Осылайша Жаратқан Ие адамдарды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберіп, қала құрылысын тоқтатты. Сондықтан қалаға Бабыл деген ат қойылды, өйткені Жаратқан Ие сол жерде бүкіл әлемдегі тілді шатастырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.