Pular para o conteúdo
Publicidade

Frutos do Espírito

Por Bíblia Online

Os frutos do Espírito são evidências visíveis da presença de Deus na vida do crente. Amor, alegria, paz, paciência — são marcas que diferenciam os filhos de Deus no mundo.

O fruto do Espírito

O fruto do Espírito é amor, alegria, paz, paciência, amabilidade, bondade, fidelidade, mansidão e domínio próprio. Contra estas coisas não há lei.

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Иеміздің нұрына кенеліп өмір сүру

Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып,

Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады. Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.

Сол сияқты сендер де, бауырластарым, Мәсіхтің тәні өлгенде рухани тұрғыдан Онымен бірге «өлдіңдер», сонымен Таурат заңын орындау міндетінен босадыңдар. Енді сендер басқа Біреудің қарамағындасыңдар: Ол — өлімнен қайта тірілген Мәсіх. Сондықтан біз Құдайға қызмет етіп, рухани жеміс бере аламыз.

Біз әлі де ескі күнәкар болмысымыздың билігінде жүрген кезде заңның өзі бойымызда күнәлі құмарлықтарды қоздырып оятты. Осылайша біз нәтижесі өлім болатын нәрселерді істеп келдік. Ал енді біз өзімізді байлап қойған Таурат заңын орындау міндетінен босатылдық, себебі рухани тұрғыдан «өліп», оған жоқ болдық. Ендеше Құдайға бұрынғыдай тек заңның баптары бойынша емес, Киелі Рухтың жетелеуімен жаңаша қызмет етеміз.

Сол кездегі өмір салттарыңнан қандай нәтижелер көрдіңдер? Олар қазір өздерің де ұялатын істер еді. Солардың ақыры — мәңгілік өлім!Енді сендер күнәнің үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір.

Permanecer em Cristo

Quem permanece em Cristo dá muito fruto. Toda árvore boa produz bons frutos — e é pelo fruto que se conhece a árvore.

Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.

Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.

Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.

Ағаш жемісімен, адам ісімен танылар

Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ, жақсы жеміс беретін жаман ағаш та жоқ. Әр ағаш өзінің жемісімен танылар: «Шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жинамас».Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар.

Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер!

Semear e colher

Quem semeia na justiça colherá fruto de vida. Os frutos do Espírito são a colheita de uma vida plantada no Senhor.

Өз өмірлеріңдегі «тың жерлеріңді жыртыңдар, әділдіктің дәнін себіңдер»! Солай берік мейірімнің «жемісін» жинап аласыңдар. Себебі осы кез — Маған, Жаратқан Иелеріңе, бет бұрып, мойынсұнатын уақыт! Сонда Мен сендерге келіп, кешірім беріп, ақталуды жаңбырдай жаудырамын.

Ал әділ жандарға мына ізгі хабарды жеткізіңдер: олар еңбектерінің жемісін жеп, игіліктерін көреді.

Бірақ ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдаған біз де іштей ыңқылдай күрсіне отырып, Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз.

Беретін жемісім алтыннан құнды,

Ол тіпті саф алтыннан да бағалы,

Шығаратын өнімім менің таңдаулы,

Күмістен де әлдеқайда жоғары.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.