Pular para o conteúdo
Publicidade

Амос 1

Кіріспе

1 Мұнда Яһуданың Текоя қалашығындағы шопандармен жүрген Амос пайғамбардың айтқан сөздері берілген. Ол соларды Яһуда еліне Ұзиях,1:1 (Пат4 14:21-22; 15:1-7; Шеж2 26:1-23; Ош 1:1) Оның қосымша аты Азариях еді. ал Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам1:1 Яғни Еробоғам ІІ (Пат4 14:23-29.) патшалық құрған заманда аян1:1 Яки: көріністер. көргенде Құдайдан қабылдаған еді. Бұл жер сілкіністен1:1 Зәк 14:5. екі жыл бұрын болды.

2 Амос пайғамбар былай деді:

«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,1:2 Яки: Жаратқан Ие Сион тауындағы киелі үйінен (яғни Өзінің жер бетіндегі тұрағынан) арыстандай ақырады (3:7-8; Жое 2:11; 3:16).

Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.

Сонда малшылардың жайылымдары солады,1:2 Немесе: жоқтап қайғырып.

Қармил тауының төбесі1:2 9:3; Ерм 50:19; Нқм 1:4. де кеуіп қалады!»

Исраилдің көршілес елдеріне шығарылған үкім

3 Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген1:3 Немесе: үш, тіпті төрт. (1:6,9,11,13; 2:1,4,6-аяттарда да солай.) зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен1:3 Иш 41:15. таптағандай аяусыз талқандады. 4 Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды.1:4 Хазаил б.з.д. 842-796 жж., оның ұлы Бен-Хадад б.з.д. 796-775 жж. Арама (Сирия) еліндегі Дамаскіге патшалық құрды (Пат4 8:12-15; 13:24-25).5 Мен Дамаскінің қақпа ысырмаларын сындырып, Ауен аңғарының тағында отырғанды елінен аластатып қуып, Бет-Еденге билік жүргізушіні құртамын. Сонда Арама халқы тұтқындалып, (Бабыл еліндегі) Кир аймағына айдалып кететін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

6 Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. 7 Сол үшін Мен Газа қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. 8 Мен Азоттың1:8 Яки: Ашдодтың (Иш 20:1). тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие.

9 Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Тир қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Тирліктер (Исраилдегі) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқындап, Едом еліне сатып жіберді.1:9 1:6,11. Сонда олар Исраилмен жасаған өзара бауырластық келісімдерін1:9 Пат3 5:1,12; 16:30-31. тіпті естеріне де алмады. 10 Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды».

11 Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты1:11 Абд 8-10. қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады.1:11 Немесе: өз одақтастарын еш аямай таптады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді. 12 Сол үшін Мен Теман аймағына от жіберемін. Сол от Босора қаласының сарайларын жалмап қояды».1:12 Жар 36:11,33; Ерм 49:7,13,20,22.

13 Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді. 14 Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады.1:14 Осы үкім Ассур әскері Едом елін шабуылдағанда орындалды.15 Сонда Аммонның патшасы өзінің әміршілерімен бірге басқа жаққа айдалып кетеді», — деп нық айтады Жаратқан Ие.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também