Шегірткелер, от және тіктеуіш жіптің көріністері
1 Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі7:1 Яки: мына аянды (1:1; 7:4,7; 8:1; Ерм 24:1; Зәк 1:20). көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды. 2 Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
3 Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып:
— Жарайды, бұлай істемеймін! — деп шешті.
4 Содан соң Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Тәңір Ие елді жазалау үшін от лаулатты. Сол от үлкен де терең теңізді және елдегі егістіктерді жалмап қойды. 5 Сонда мен:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, тоқтата көрші! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым. 6 Сонда Жаратқан Ие райынан қайтты.
— Жарайды, бұлай да істемеймін! — деп шешті Жаратушы Тәңір Ие.
7 Ол маған тағы мына көріністі көрсетті: Жасаған Ие бір тік қабырғаның жанында тұр екен. Қолында тік бағытты көрсететін, ұшына бір кесек қорғасын байланған тіктеуіш жіп бар еді.7:7 Демек, халық енді өлшеніп, құртылуға дайындалмақ (7:8-9; Пат4 21:13; Иш 28:17; 34:11; Жоқ 2:8).8 Жаратқан Ие менен:
— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. Мен:
— Тіктеуіш жіпті, — дедім. Сонда Жасаған Ие маған тіл қатып былай деді:
— Мен тіктеуіш жіпті өз халқым Исраилдің ортасына орнатамын. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! 9 Ысқақтың7:9 (3:14; 5:5; 8:14; Пат4 15:8-10.) Ысқақ: Исраил халқының түп атасы Жақыптың әкесі (Жар 25:26; 27:30; 32:28). үрім-бұтағының биіктеу жерлердегі табыну орындары қаңырап бос қалады, Исраил елінің киелі табыну орындары7:9 7:13; Леу 26:31. ойрандалады! Сонда Мен семсермен Еробоғам7:9 7:11; Пат4 15:8-10. патшаның әулетіне қарсы шығамын!
Дінбасы Амасияхтың пайғамбарға қарсы шығуы
10 Ал Бетелдегі табыну орнының діни қызметкері Амасиях Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамға7:10 1:1; 7:9,11; Пат4 14:23. мынадай хабар жіберді:
— Амос Солтүстік Исраил халқының дәл ортасында сізге қарсы үгіт жүргізіп жатыр! Біздің еліміз оның айтқан барлық сөздеріне төзе алмайды. 11 Өйткені Амос: «Еробоғам семсерден қаза тауып, Исраил халқы еш шүбәсіз өз елінен жер аударылады!» деп жүр.
12 Мұнан кейін Амасиях Амосқа былай деді:
— Ей, көріпкел,7:12 Яки: (аян көретін) пайғамбар (Пат1 9:9). бар! Яһуда еліне қашып кет! Наныңды сонда тауып же, пайғамбарлық сөзіңді сол жерде айт! 13 Ендігәрі Бетелде7:13 7:9; Пат3 12:29,32; 13:1. пайғамбарлық сөз айтушы болма! Бетел — патшаның сиынатын киелі жері әрі бүкіл патшалықтың құлшылық ететін үйі! — 14 Бірақ Амос Амасияхқа былай деп жауап берді:
— Мен жай пайғамбар емеспін, пайғамбардың шәкірті7:14 Пат4 2:3; 6:1. де болған емеспін. Мен мал бағып, тұт ағаштарын7:14 Пат3 10:27; Шеж1 27:28; Шеж2 9:27; Жыр 77:47. өсіріп, жемістерін жинаумен айналысатынмын. 15 Ал Жаратқан Ие мені отардың соңынан шақырып алып, «Барып, халқым Исраилге Менің хабарымды жеткіз!» деп тапсырма берді. 16 Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің. 17 Сол үшін Жаратқан Ие саған мынаны айтады: «Сенің әйелің қалада жезөкше болып, ұл-қыздарың семсерден қаза табады. Жеріңді басқалар өлшеуіш жіппен өлшеп бөлісіп алады. Ал сен өзің болсаң, жат жерде өлесің. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы өз елінен жер аударылып кетеді!»