Pular para o conteúdo
Publicidade

Motivação

Por Bíblia Online

Motivação verdadeira vem de Deus. A Bíblia nos inspira a correr a carreira da fé com perseverança, sabendo que o Senhor fortalece, guia e recompensa os fiéis.

Força do alto

Tudo posso naquele que me fortalece. Deus dá poder aos fracos e renova a força dos cansados — Ele é a fonte de toda motivação.

Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды,

Қажып, шаршағанға күш табыстайды.

Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды,

Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды,

Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге

Жаңа күш-қуатты иемденеді де,

Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке

Самғай жөнеледі, алайда талмайды,

Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Құтқарылған халықтың мадақтау әні

Жаратқан Иеге қатты қуанам,

Құдайыма шаттанады жан дүнием,

Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,

Үстіме әділдікті де жауып берді!

Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті

Әшекейлі тәж басына киеді,

Қалыңдық асыл тастарын тағады,

Дәл солай мен де болдым салтанатты!

Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.

Correr para o alvo

Prossigo para o alvo, para o prêmio da soberana vocação de Deus em Cristo Jesus. A corrida da fé exige disciplina e foco.

Бауырластарым, мен бұл мақсатқа жеттім деп санамаймын. Істеп жүргенім бір-ақ нәрсе: өткен нәрселерді ескермей, алдымдағы бәйгеге қарай жан сала жүгіріп келемін. Құдайдың сыйына — Оның Мәсіх Иса арқылы шақырған көктегі өміріне ие болу үшін көздеген мақсатты қуып жүрмін.

Жарысқа түскен жүйріктердің бәрі жүгіріп, біреуі ғана жүлдеге ие болатынын білесіңдер. Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»! Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп жүрген жоқпын, жұдырығымен ауаны босқа ұрған боксшы сияқты да емеспін. Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.

Мәсіх Исаның үлгісін және Құдайдың игілікті тәрбиесін қабылдау

Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!

Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!

Propósito e missão

Deus tem planos de esperança para nós. Cada dia é oportunidade de fazer a sua vontade e avançar com confiança na missão.

Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді. Менің еркіме мойынсұнып бір нәрсе сұрасаңдар, Мен соны орындаймын.

Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин)

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.

Ессіз адам ғана бұларды білмейді,

Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:

Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар! Осы күнәкар дүниенің адамдары сондай нәрселердің бәріне ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.

Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.

Ал енді кейбіреулеріңнің жүгенсіз жүргендіктерің туралы естідік. Олар жұмыс істемей, басқалардың мазасын алып, босқа сандалып жүр екен. Осындайларға біз тыныш еңбек етіп, өз нандарын өздері тауып жесін деп Иеміз Иса Мәсіхтің атынан бұйырып ескертеміз. Ал өздерің, қымбатты бауырластар, жақсылық жасаудан жалықпасаңдар екен.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.