Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 2

Ефестегі қауымға арналған сәлемхат

1 «Ефестегі2:1 1:11; Елш 18:19; 19:1; Ефестіктерге арналған хат туралы мәліметті де қараңыз. қауымның періштесіне2:1 Немесе: Ефестегі қауымның хабаршысына; яки: Ефестегі қауымға — Құдайдың хабаршысына. (Бұл түсініктеме осыдан кейін берілген алты сәлемхатқа да қатысты: 2:8,12,18; 3:1,7,14.) былай деп жаз:

Бұл — оң қолында жеті жұлдыз ұстап, жеті шам қойғыштың арасында жүретін Иеңнен хабар.

2 Мен сенің істеріңді білемін: сен еңбек етіп, шыдамды болып келесің. Арам адамдарға төзе алмай, өздеріне Құдайдың елшілері деген атақты таңатындарды сынап, өтірікшілер екенін анықтадың. 3 Менің атыма бола (еңбектеніп) көп ауыртпалықты басыңнан өткізгенде шыдамдылық көрсетіп, қажымадың.

4 Алайда саған айтар наразылығым мынау: сен алғашқы сенген кездегі сүйіспеншілігіңді жоғалтып алдың.2:4 Мат 24:12; Ерм 2:2.5 Өзіңнің қандай биіктіктен құлдырағаныңды ойлашы! Өкініп, теріс жолыңнан қайтып, алғашқыдағы игі істеріңді жасайтын бол! Әйтпесе саған жуырда келемін де, шам қойғышыңды2:5 (1:20) Яки: шырағданыңды. (қауымдардың арасындағы) орнынан алып тастаймын. Егер өкініп, теріс жолыңнан қайтпасаң, осылай істеймін. 6 Бірақ сендегі бір жақсылық мынау: Мен жек көретін николаиттардың2:6 Николаиттар: жалған ілімдерді қауымдарға енгізіп, Құдайдың шынайы ілімімен араластырушылар (2:14-15,20). істерін сен де жек көресің.

7 Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркімге Мен Құдайдың пейіш бағында өсетін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісінен жегіземін.2:7 Яки: Маған сеніп, әзәзіл шайтанның күштерін жеңіп шыққандарға жұмақтағы мәңгілік өмірді сыйлаймын (Жар 2:9; 3:22).

Ізмірдегі қауымға арналған сәлемхат

8 Ізмірдегі2:8 (1:11) Яки: Смүрнадағы. (Рим патшасына табынушылық және яһуди діндарларының Мәсіхке сенушілерге қарсы әрекеттері осы қалада ерекше күшті еді.) қауымның періштесіне былай деп жаз:

Бұл — бір кезде өлген, ал қазір тірі «Алғашқы және Соңғыдан» хабар.

9 Мен сенің (істерің мен) шеккен азаптарыңды әрі жұтаң күйіңді білемін. Ал шынында сен рухани байсың! «Яһудиміз» (яғни Құдайдың халқымыз) дейтіндердің сен туралы айтқан ғайбат сөздерін де білемін. Шын мәнісінде олар «шайтанның мәжілісханасы».2:9 (3:9) Яки: әзәзіл шайтанға берілген діншілдер тобы. (Мәжілісханаларда яһудилер діни жиналыстарын өткізетін: Мат 12:9.)10 Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін2:10 Яғни тіпті Маған бола өлуге мәжбүр болсаң да. Маған адал бол, сонда саған «мәңгілік өмір тәжін»2:10 (3:11; Мат 10:22; Қор1 9:25) Мұндағы «тәж»: лавр жапырағынан өрілген шеңбер (шір) жарыс жеңімпазының басына жүлде ретінде кигізілетін. Осындағы астарлы мағынасы: мәңгілік өмір (3:11; 14:14). сыйлаймын. 11 Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркім «екінші өлімнен» зиян көрмейді.2:11 Яғни тозаққа түспейді (21:8).

Перғамдағы қауымға арналған сәлемхат

12 Перғамдағы2:12 (1:11) Бүгінде Бергама деп аталатын қала атының мағынасы «қорған». қауымның періштесіне былай деп жаз:

Бұл — екі жүзі де өткір семсері Бардан2:12 Яғни Соттаушы Мәсіхтен (1:16; 2:16; Евр 4:12-13). хабар.

13 Мен сенің (істеріңді және) «шайтанның тағы» орналасқан жерде2:13 Перғам халықтың Рим патшасына табынуының Азия аймағындағы ресми орталығы еді. тұратыныңды білемін. Бірақ Менің атымды ұстанып келесің. Адал хабаршым Антипас сенің қасыңда, яғни әзәзіл шайтанның тұрағында, өлтіріліп шейіт болған кезде де Маған деген сеніміңнен бас тартпадың.

14 Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты.2:14 Яки: оларды жыныстық азғындыққа салды. (Бұл оқиға Мұса пайғамбардың Исраил халқын айдаладан Қанахан жеріне бастап алып барған заманында болды: Рул 25:1-4; 31:16.)15 Сондай-ақ, араларыңда николаиттардың (Мен жек көретін) ілімін2:15 2:6. ұстанушылар да бар. 16 Енді өкініп, теріс жолдан қайтыңдар! Әйтпесе саған жуырда келемін де, сол қате ілімді ұстанушылармен аузымдағы семсеріммен соғысамын.2:16 Яғни оларға үкім шығарамын (1:16; 2:12).

17 Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркімді Мен «жасырылған маннамен» тамақтандырамын.2:17 Құдай ежелде айдалада көшіп-қонып жүрген Исраил халқына аспаннан манна деген тәтті нан жаудырғандай, қазір Өзімен тығыз байланыста жүргендерге рухани нәр сыйлай береді (Жох 6:48-58). Оған алған кісіден басқа ешкім де білмейтін жаңа есім ойып жазылған бір ақ тасты2:17 Ақ тас: сол заманда жарыс жеңімпазына әр түрлі артықшылықтары үшін берілетін жүлде не сый-сияпат. да сыйлаймын.

Тиятирдағы қауымға арналған сәлемхат

18 Тиятирдағы2:18 (1:11) Бүгінде Ақ-хизар деп аталатын Тиятир қымбат мата өндірісінің және оны сатудың орталығы болды. (Лүдия осы қаладан шыққан саудагер әйел еді: Елш 16:14.) қауымның періштесіне былай деп жаз:

Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.

19 Мен сенің не істегеніңді — сүйіспеншілігің мен сеніміңді, қызметің мен төзіміңді білемін. Қазіргі игі істерің алғашқыдағыдан көбірек. 20 Алайда саған айтар наразылығым мынау: өзін пайғамбармын деп атайтын Езабел іспетті әйелге2:20 Б.з.д. 874-853 жж. Исраилге патшалық құрған Ахабтың зұлым әйелі Езабелдің халықты жалған тәңірлерге табындырғаны (Пат3 16:31-33; 19:1-2; 21:25-26) іспетті; сол заманда қауымдағы бір беделді әйел де сенушілерді Құдайға ұнамсыз дәстүрлерді қабылдап, ұстануға азғырып жүрген болса керек. жол бересің. Ол Менің қызметшілерімді азғындық жасап, жалған тәңірлерге арналған құрбандықтардың етін жеуге үйретіп адастыруда. 21 Мен сол Езабелге өкініп, азғындық жолынан қайтуға уақыт бердім, алайда ол қайтқысы келмейді.

22 Біліп ал: Мен Езабелді ауруға шалдықтырып, төсек тартқызамын. Егер сол әйелмен бірге азғындық жасап келгендер оның жаман істерінен қайтпаса, оларға да қатты азап шеккіземін. 23 Оның соңынан ергендерді2:23 Немесе: Оның балаларын; яғни оның жалған ілімі мен дәстүрлерін ұстанушыларды. өлтіріп құртамын. Сонда Менің әркімнің жүрегінің түкпір-түкпірін2:23 Немесе: әркімнің бүйрегі мен жүрегін. тексеретін Біреу екеніме барлық қауымдардың көздері жететін болады. Мен әрқайсыңның істеріңе қарай еселеріңді қайтаратын боламын.

24 Ал Тиятирда Маған адал болып қалғандарға, яғни осы арам ілімді қабылдамай, «шайтанның терең құпиялары» деп аталғанды үйренбегендерге, былай деймін: сендерге тағы басқа ауыртпалық түсірмеймін; 25 алайда Мен келгенше, өздеріңде бар рухани игіліктерді берік ұстаңдар! 26 Істерімді аяғына дейін атқарып, жеңіп шыққандарға халықтардың үстінен билік жүргізу құқығын сыйлаймын. 27 Оларға қатаң билік жүргізеді.2:27 (12:5; 19:15) Немесе: Оларды темір асатаяқпен бағады. Қыш ыдыстарын лақтырып сындырғандай, қиқарлықтарын тас-талқан етеді.2:27 Жыр 2:9; Иш 30:14. Мен де Әкемнен осындай билікті алғанмын.

28 Мен жеңіп шыққандарға таңғы жұлдызды да сыйлаймын.2:28 Яғни олар көкте ерекше салтанатты иемденетін болады (Дан 12:3).29 Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também