Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 4

Жаратқан Иенің көкте мәңгілік дәріптелуі

1 Осыдан кейін қарап қалсам, көкте ашылған есікті көрдім! Мен бұдан бұрын да естіген, керней үніне ұқсайтын қатты дауыс4:1 Яғни Мәсіхтің даусы (1:10-16). маған: «Мұнда көтеріл, саған осыдан кейін не болуға тиіс екенін көрсетемін», — деді. 2 Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөленіп аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде Біреу отыр екен. 3 Отырғанның сырт көрінісі яспис, карнеол іспетті асыл тастардай сәуле шашып, ал тақтың айналасын зүбәржаттай жалтыраған кемпірқосақ қоршапты. 4 Тақты айналдыра жиырма төрт тақ тұр екен. Олардың үстінде ақ киімді, алтын тәж киген жиырма төрт ақсақал4:4 Олар періштелердің жетекшілері немесе Көне және Жаңа Келісім кездеріндегі сенушілердің өкілдері болса керек. отырды. 5 Тақтың тұсынан найзағайдың жарқылы, гүрсілі және күркірі шықты. Ал тақтың алдында жеті шырағдан4:5 1:12,20. жалындап жанып тұрды. Олар — Құдайдың жеті Рухының белгісі.4:5 Яки: Құдайдың жеті жақты Киелі Рухының белгісі (1:4).6 Тақтың алды мөлдір кристалл іспетті шыны теңізге ұқсады.4:6 15:2; Мыс 24:10; Езк 1:22; Шеж2 4:2.

Тақты қоршай, оның ортаңғы баспалдағында4:6 Немесе: оның ортасында. төрт нөкер4:6 Яки: төрт тірі тұлға не тіршілік иесі. (Құдайдың тағын қоршап, Оның Ұлылығын мадақтауға жетекшілік ететін жоғары дәрежелі періштелер. Олар түпнұсқада серафим (сарафтар) деп те аталады: Иш 6:2-4; Езк 1:5-14.) бар еді. Олардың денелерінің алды-артында көптеген көздері болды.4:6 Демек, олардың назарынан ештеңе де тыс қалмайды (4:8).7 Алғашқысы арыстанға, екіншісі бұқаға, үшіншісінің беті адамның бетіне, ал төртіншісі ұшып бара жатқан бүркітке ұқсас екен. 8 Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие4:8 1:4; Мыс 3:14-15; Евр 13:8. қасиетті, қастерлі, киелі!»4:8 Яки: Құдай — Жаратқан Ие киелі, киелі, киелі! (Иш 6:3) — деп сиынумен болды.

9 Төрт нөкер тақта отырған, мәңгілік өмір сүретін Құдайға даңқ пен құрмет көрсетіп, шүкірлік еткен сайын, 10 жиырма төрт ақсақал Оның алдына бас ұра жығылып, мәңгі тірі Оған тағзым етеді. Олар тәждерін тақтың алдына ұсынып, былай дейді: 11 «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».4:11 10:6; Жар 1; Елш 14:15; 17:28; Қол 1:16-17.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também