Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 12

Мәсіхті жоюға тырысқан шайтанның жеңілісі

1 Мұнан кейін аспанда бір керемет зор көрініс пайда болды: күнді жамылған, аяғының астында айы бар, басына он екі жұлдыздан тәж киген бір әйел көрінді. 2 Ол босанбақ болып, толғақтың ауруы мен азабынан айғай салды. 3 Аспанда тағы басқа бір ғажап көрініс пайда болды: бұл жеті басты, он мүйізді, әр басында тәжі бар оттай қызыл алып айдаһар екен. 4 Ол құйрығымен аспандағы жұлдыздардың үштен бірін тартып алып, жерге қарай лақтырып жіберді. Айдаһар толғатып жатқан әйелдің алдында тосып тұрып, оның Баласын туысымен-ақ жалмап қоймақшы болды. 5 Осылай әйел Ұлын дүниеге келтірді; Ол болашақта күллі халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады.12:5 Немесе: халықтарды темір асатаяқпен бағатын болады (2:27; Жыр 2:9). Нәресте тезірек Құдайға, Оның тағының алдына әкелінді. 6 Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн12:6 Яғни үш жарым жыл (11:3; 13:5). бойы қамқорлық жасалатын болады.

7 Сонда көкте соғыс бұрқ ете түсті. Михайл12:7 Дан 12:1. мен оның қол астындағы періштелері айдаһарға қарсы аттанды. Айдаһар өз нөкерлерімен бірге оларға қарсы шайқасты, 8 бірақ төтеп бере алмады. Бұдан былай соларға көктен орын берілмеді. 9 Осылайша алып айдаһар — бүкіл әлемді алдап келген әзәзіл әрі шайтан есімді, ежелден бері келе жатқан жылан12:9 Яки: улы жылан (20:2; Жар 3:1,13-15). Әзәзіл: яки ібіліс. көктен қуылып, бүкіл хабаршыларымен12:9 Яки: нөкерлерімен (Мат 25:41). қоса жер бетіне лақтырылды. 10 Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді:

«Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.

11 Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.12:11 5:6; 7:14; Лұқ 14:26-27; Жох 12:25.

12 Қуаныңдар, көк және оны мекендегендердің12:12 Құдай халқының түпкі мекені — көктегі Құдайдың қасы (Флп 3:20). бәрі де! Алайда жер мен теңізде тұратындарға қасірет! Себебі әзәзіл шайтан төменге, сендердің қастарыңа түсті. Ол өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы».

Әзәзіл шайтанның Құдай халқымен аяусыз күресуі

13 Айдаһар өзінің жерге лақтырылғанын білгенде, Ұлды туған әйелдің соңына түсіп, оны қудалай бастады. 14 Сонда әйелге айдалада өзіне дайындалған арнайы орынға ұшып бару үшін алып бүркіттің қос қанаты12:14 Демек, ежелде Құдай өз халқын Мысырдан құтқарып алып шығып, аман-есен айдалаға апарғанындай (Мыс 19:4), соңғы дәуірде де халқын шайтанның құрсауынан құтқарып, керемет қамқорлайды. берілді. Айдалада әйел үш жарым кезең бойы сол улы жыланнан қауіпсіз тұрып, Құдайдың қамқорлығында болады.12:14 (12:6) Немесе: Бұл жерде ол екі мезгіл, бір мезгіл және жарты мезгіл бойы улы жыланның көзінен таса болып, тамақтандырылады (Дан 12:7).15 Әйелді сумен ағызып әкетіп, құрту үшін алып жылан аузынан үлкен өзен іспетті су тасқынын лақ еткізіп төгіп жіберді. 16 Алайда жер әйелге көмектесіп, аузын кеңінен ашып, сол айдаһардың12:16 12:9,15; 20:2. аранынан шыққан өзенді жұтып қойды. 17 Айдаһар әйелге долданып, оның өзге де ұрпақтарымен, яғни Құдайдың бұйрықтарына бағынып, Исаның шынайы хабарына адал болып жүргендерімен, шайқасуға аттанды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também