Жоханның пайғамбарлық қызметін жалғастыра алуы үшін күшейтілуі
1 Мұнан кейін көктен түсіп келе жатқан басқа бір күшті періштені көрдім. Ол бұлтқа оранған еді, ал басының үстінде кемпірқосағы бар болатын. Беті күндей жарқырап, ал аяқтары от бағанасына10:1 1:15-тегі Мәсіхтің көрінісіне де назар аударыңыз. Осындай от бағанасы Құдайдың өз халқына жар болып, жауларына қарсы шығатынын білдірді (Мыс 13:21-22; 14:19-24; 40:36-38). ұқсады. 2 Періште қолына жазуы бар, ашылған кітапшаны10:2 Яғни шағын шиыршық кітапты (5:1). ұстап тұрды. Содан ол оң аяғын теңіз бетіне, сол аяғын құрлық үстіне қойып, 3 арыстанның ақырғанындай қатты айқайлады. Ол айқайлағанда, (Құдайдың тағындағы) жеті күн күркірі10:3 4:5. үн қатып сөйледі. 4 Олар сөйлеп жатқанда, мен айтқандарын жазып алмақшы болдым. Алайда көктен маған: «Жеті күн күркірінің айтқандарын жазба. Оларды жауып тастап, мөр басып бекіткендей құпия сақта!» — деген дауысты естідім.
5 Содан кейін мен бір аяғымен теңізде, бір аяғымен құрлықта тұрғанын көрген періште10:5 10:2. оң қолын көкке қарай көтерді.10:5 Жар 14:22; Заң 32:40.6 Ол аспан мен жерді, теңізді және олардағы барлық нәрселерді жаратқан, мәңгі тірі Тәңір Иенің атымен ант беріп, былай деді: «Енді еш кешеуілсіз, 7 жетінші періште кернейін тартып, белгі берген кезде Құдайдың құпия жоспары жүзеге асады! Бұл Оның өз қызметшілері — пайғамбарларына алдын ала хабарлағанындай болмақ».
8 Мен бұрын көктен естіген дауыс10:8 10:4. маған қайтадан тіл қатып: «Барып, теңіз бен құрлықта тұрған періштенің оң қолындағы ашылған кітапшаны ал»,10:8 10:2. — деді. 9 Сонда мен періштеге барып, одан кітапшасын беруін өтіндім. Ол маған: «Ал да, жеп қой. Ол қарныңа барғанда ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады»,10:9 10:10; Ерм 15:16; Езк 2:8; 3:1-3,14; Қол 3:6. — деді. 10 Мен періштенің қолынан кітапшаны алып, жеп қойдым. Аузымда ол маған балдай тәтті болса, жұтқаннан кейін ішімді қуырды.10:10 Құдайдың хабары оған мойынсұнып, құтқарылғандар үшін тәтті, ал басқалар үшін Оның қаһарын білдіргендіктен ащы.
11 Мұнан соң маған: «Сен тағы да Құдайдың көптеген халықтар, ұлттар, тілдер және патшалар туралы хабарын жариялауға тиіссің», — деген тапсырма берілді.