Құдайдың қаһарына толы жеті тостаған
1 Аспаннан тағы басқа бір таңғаларлық үлкен әрі керемет көріністі көрдім: (Құдайға қарсы шыққандарды) ең соңғы жеті пәлеге ұшырататын жеті періште тұрды. Құдайдың қаһары осы пәлелермен толықтай жүзеге аспақ.
2 Мұнан кейін мен отпен араласқан, шыны теңіз іспетті жарқыраған алаңды15:2 4:6; 21:18,22. көрдім. Оның жағалауында не айуанның мүсініне табынбаған, не оның есімінің санын бейнелейтін таңбаны15:2 13:16-18; 14:1,4-5,12-13. қабылдамаған, осылайша айуанды жеңіп шыққан адамдар тұр екен. Бәрі қолдарына Құдайды мадақтайтын жетігендерін ұстапты.15:2 Яки: Олар қолдарына Құдай сыйлаған (жетіген не домбыра тәрізді) ішек аспаптарын ұстапты (14:2; Жыр 150:1-3).3 Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын15:3 Мыс 15:1-18. және Тоқты жөніндегі жырды15:3 Немесе: Тоқтының жырын (5:9-14; Жыр 21:23-32; Флп 2:9-11). айтып тұрды:
«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,
Сенің істерің керемет те ұлы!
О, халықтардың мәңгілік Патшасы,15:3 Немесе: Өзіңе бағышталған (қасиетті) адамдардың Патшасы (5:8).
Сенің жолдарың әділ де шынайы!15:3 Яки: әділ де дұрыс.
4 Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,
Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?15:4 Яки: кім Сені терең қастерлемес? Атыңның ұлылығын жариялаудан кім бас тартпақ?
Сен ғана толықтай қасиеттісің!
Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,
Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,
Себебі ашылды әділ үкімдерің!»
5 Бұдан кейін қарасам, көктегі киелі үйдің, яғни Келісім шатырының, ашылып жатқанын көрдім.15:5 (7:15; 11:19) Осы аят ежелгі Келісім шатырына да меңзейді (Мыс 40:1-2,34-35; 25:21-22; Рул 1:53).6 Жарқыраған аппақ бәтестен киім киіп, кеуделеріне алтын аспа бау таққан жеті періште киелі үйден шықты. Жеті пәленің билігі соларда еді.15:6 15:1.7 Құдай тағының қасындағы төрт нөкердің біреуі осы жеті періштеге жеті тостағанды берді. Тостағандар мәңгілік жасайтын Құдайдың қаһарына толы еді.15:7 14:10; 15:1.8 Содан киелі үй Құдайдың хош иісті түтіндей таралатын салтанатты ұлылығы мен құдіретіне кенелді. Жеті періште тостағандарынан төгетін жеті пәле аяқталғанша, ешкім де киелі үйге кіре алмады.15:8 Мыс 40:34; Пат3 8:10-12.