Құдай халқының Оған сиынып айтқан мінажаты
1 Тоқты жетінші мөрді бұзып ашқанда, көкте жарты сағат шамасында тыныштық орнады.
2 Бұдан кейін мен Құдай алдында тұрған жеті періштені көрдім, оларға жеті керней берілді.
3 Қолында хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын табасы бар өзге бір періште келіп, түтету үстелінің8:3 Мыс 37:25-29; Түсіндірмедегі «Құрбандық үстелін» де қараңыз. жанына тұрды. Оған молынан хош иісті заттар берілді. Ол соларды Құдайдың бүкіл халқының8:3 Немесе: Құдайға бағышталған барлық (қасиетті) адамдардың (Рим 1:7; Еф 1:1). айтқан мінажаттарымен бірге8:3 5:8; Лұқ 1:10. тақтың алдындағы алтын жалатқан түтету үстеліне Тәңір Иеге бағыштап қоюға тиіс еді. 4 Сонда хош иісті заттардың түтіні Құдай халқының мінажаттарымен бірге періштенің қолынан көтеріліп, Құдайдың алдына жетті.
5 Бұдан кейін періште хош иісті заттар салынған табаны алып, түтету үстелінен алынған шоққа толтырып, жерге лақтырып жіберді. Сонда күн күркіреп, жаңғырықты; найзағай жарқылдап, жер сілкінді.8:5 4:5; 11:19; 16:17-18; Мыс 19:16-19; Жыр 13-14; 76:18-19.
Адамзатқа Құдайдың қаһарын ескертетін кернейлер үні
6 Сол кезде қолдарында кернейлері бар жаңағы жеті періште8:6 8:2. соларын тартуға дайындалды. 7 Алғашқысы кернейлеткенде, қан аралас бұршақ пен от пайда болып, жерге жауды. Жер бетінің және ағаштардың үштен бір бөлігі мен көк шөптің бәрі де өртеніп, жанып кетті.
8 Екінші періште кернейлеткенде, жалындап жатқан зәулім таудай бір нәрсе теңізге лақтырылды. Теңіздің үштен бірі қанға айналып, 9 ондағы тіршілік иелерінің үштен бірі өліп, кемелердің де үштен бірі қирады.
10 Үшінші періште де кернейін тартты. Сонда аспаннан шырақ сияқты лаулаған зәулім жұлдыз өзендердің үштен бір бөлігіне және су көздеріне құлап түсті. 11 Сол жұлдыздың аты — жусан.8:11 Шөптің ащы дәмі ауыртпалық, қайғы және өлімге меңзейді (Жоқт 3:19). Судың үштен бір бөлігі жусандай ащы болып, одан ішкен көптеген адамдар өліп қалды.
12 Төртінші періште кернейін тартқанда, күннің, айдың, жұлдыздардың үштен бір бөлігі зақымдалып,8:12 Немесе: соғылып. олардың үштен бірін қараңғылық басып, күннің үштен бір бөлігі түн іспетті қара түнекке айналды.8:12 Мыс 10:21-23.
13 Мұнан кейін қарасам, аспанда ұшып жүрген бір бүркітті8:13 Немесе: аспанның қақ ортасында ұшып жүрген бүркітті (яғни хабаршыны). көріп, оның қатты дауыспен: «Қасірет, қасірет! Қалған үш періште кернейлерін тартқанда, күнәкар дүниеде өмір сүргендердің қасіреті қандай болмақ!» — деп ескерткенін естідім.