O papel da mulher
A Bíblia honra a mulher como colaboradora essencial no plano de Deus. De Provérbios 31 às mulheres do Novo Testamento, a Escritura celebra a sabedoria, a força e a fé feminina.
A mulher virtuosa
Mulher virtuosa, quem a achará? Seu valor excede o de rubis. Ela é sábia, trabalhadora, generosa e temida pelo Senhor.
Жақсы әйел — даналықтың үлгісі
Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?
Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!
Күйеуі оған толықтай сенім артады,
Ешқандай игіліктен ада қалмайды.
Өмір бойы оның күйеуіне жасары
Жамандық емес, жақсылық қана болады.
Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,
Қол жұмысын да ынтамен жасайды.
Жер шарлаған саудагер кемесі секілді
Алыстан да азық-түлігін әкеледі.
Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,
Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,
Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.
Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,
Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,
Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.
Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,
Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.
Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,
Дем алмастан иіреді ол ұршығын.
Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,
Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.
Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,
Белбеумен де саудагерді қамтиды.
Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,
Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.
Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,
Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.
Үй шаруасын мұқият бақылайды,
Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.
Ақылдылық және аңғалдық
Ақылды әйел үйін өркендетер,
Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.
Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,
Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!
Beleza interior
A beleza verdadeira não é exterior, mas o caráter incorruptível de um espírito manso e tranquilo. Isso tem grande valor diante de Deus.
Ерлі-зайыптыларға арналған ескертулер
Сол сияқты сендер, әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар. Осылайша, олардың кейбіреулері Құдайдың сөзіне құлақ аспаса да, өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Мәсіхтің иелігіне айналдырыңдар. Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана бұлай болмақ.
Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Ежелгі заманда үміттерін Құдайға артып, Оған бағышталған әйелдер өздерін дәл осылайша әшекейлеген. Солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны «қожайыным» деп атайтын. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей, адал өмір сүрсеңдер, Сараның рухани ұрпағы боласыңдар.
Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер. Себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңір Иеге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер!
Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын.
Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері де байыпты, өсек айтпайтын, салауатты, қай нәрседе де адал болуға тиіс.
Parceria e dignidade
Deus criou homem e mulher à sua imagem. A mulher não é inferior, mas parceira e co-herdeira da graça da vida.
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.
Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші жасап берейін», — деді.
Ал әйелге Құдай мынаны айтты: «Құрсақ көтерген кезіңде көретін бейнетіңді ауырлатамын, балаларыңды қиналып босанатын боласың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған жетекшілік етеді».
Дегенмен Иемізбен байланысымызда әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес. Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жаратылса да, еркек әйелден туады, ал екеуін де жаратқан — Құдай.
Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс.
Сол сияқты, егде әйелдердің жүріс-тұрыстары Құдайға бағышталған әйелдерге лайықты болуы қажет: олар ешкімге жала жаппай, арақ-шарапқа салынбай, қайта, басқаларды жақсылыққа үйрететін болсын. Егде әйелдер қыз-келіншектерді күйеулері мен балаларын сүйіп, байсалды, кіршіксіз таза, үй шаруасына ұқыпты әрі мейірімді болып, күйеулеріне мойынсұнуға жігерлендіріп үйретсін. Осылайша олар Құдай сөзінің жамандалуына жол бермесін.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.