Pular para o conteúdo
Publicidade

Естер 10

Яһуди бас уәзір Мардохайдың биік дәрежесі

1 Ахасуер патша құрлықта және теңіз аралдарында орналасқан бүкіл патшалығына салық салды. 2 Оның ұлы да құдіретті іс-әрекеттерінің бәрі және өзі жоғарылатқан Мардохайдың биік дәрежесі10:2 8:15. туралы «Мидия мен Персия патшаларының жылнамалары» кітабында жазылған. 3 Яһуди Мардохайдың мәртебесі тек қана Ахасуер патшадан кейінгі екінші орында болды.10:3 Яки: бас уәзір болды (Жар 41:39-44; Дан 2:48; 5:29; 6:26-28). Яһудилердің арасында оның абыройы өте жоғары еді. Мардохай өз халқының қамын ойлап, бүкіл келер ұрпақтың да игілігі үшін сөз сөйлеген болатын. Сол үшін ол ұлттастарының ризашылығына бөленді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também