Redentor
Deus é o nosso Redentor. Ele nos resgatou da escravidão do pecado, nos libertou das cadeias e nos comprou com preço altíssimo — o sangue de seu Filho.
Liberdade em Cristo
Cristo nos libertou para a liberdade. Aquele a quem o Filho liberta é verdadeiramente livre. O Redentor quebra toda cadeia.
Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.
Мәсіх арқылы қол жеткен азаттық
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!
Азап шеккендерге ізгі хабар
— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді.
Күнәнің құлдығынан азат етуші — Киелі Рух
Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.
Redenção e salvação
Deus nos redimiu por amor. Ele apagou nossas transgressões e nos salvou não por mérito nosso, mas por sua misericórdia.
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім,
Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім,
Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме!
Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!»
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Енді сендер күнәнің үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір.
Refúgio e proteção
O Redentor é nosso refúgio e fortaleza. Ele livra os que clamam, sara os quebrantados e se alegra por nós com cântico.
Бүкіл әлемнің Құдайдың ұлылығын жариялауы
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Құдайдың салтанатты ұлылығын
Аспан әлемі ашық паш етеді,
Оның қолының керемет істерін
Әуе кеңістігі де көрсетеді,
Күнәсі кешірілген бақытты!
(Дәуіттің насихат жыры.)
Әділетсіз істері кешірілген,
Барлық күнәларынан ақталған
Қандай бақытты әрбір жан!
Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы?
Сол «кәрлі арыстандардан» жалғыз жанымды
Құтқаршы, һәм зұлымдықтарынан ғұмырымды.
Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын,
Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.
Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын,
Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын!
Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,
Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,
Солардың орнына бізді отырғыздың.
Көк пен жерді жаратқан
Құдай Ием маған жар».
Vestidos de salvação
O Redentor nos veste com roupas de salvação e manto de justiça. Ele se alegra por nós e nos cobre com seu amor.
Құтқарылған халықтың мадақтау әні
Жаратқан Иеге қатты қуанам,
Құдайыма шаттанады жан дүнием,
Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,
Үстіме әділдікті де жауып берді!
Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті
Әшекейлі тәж басына киеді,
Қалыңдық асыл тастарын тағады,
Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.