Reino
O Reino de Deus é o tema central da pregação de Jesus. Desde o início de seu ministério, Ele proclamou: 'Arrependei-vos, porque é chegado o Reino dos céus.'
O anúncio do Reino
Jesus inaugurou seu ministério proclamando a chegada do Reino. Ele convida todos ao arrependimento e à fé nessa nova realidade.
Сол уақыттан бастап Иса: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Себебі Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздап жүрді.
«Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды! Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!»
ондағы ауруларды сауықтырыңдар. Кісілерге: «Құдайдың Патшалығының араларыңда орнайтын кезі таяп қалды!» деп білдіріңдер.
(Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр!» — деп мәлімдейді.
A natureza do Reino
O Reino de Deus é governo soberano do Senhor sobre todas as coisas. Ele é o Rei eterno, imortal e invisível.
Мәңгілік Патша — өлмес, көзге көрінбес бірден-бір Құдай мәңгі құрметтеліп, ұлылығы мадақтала берсін! Аумин.
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,
Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!
Меншігің — көк пен жердегілер барлық!
Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық
Әрі баршаға деген басшылық!
Келісімнің ережелерін ұстанған жанды
Жаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.
Себебі Соттаушымыз да, Заң Шығарушымыз да, Патшамыз да — Жаратқан Ие. Ол бізді құтқаратын болады.
Жаратқан Ие бүкіл жер бетінің Патшасы болады. Сол күні Жаратқан Ие бірден-бір Құдай болып, жалғыз Оның есімі ғана мадақталатын болады.
Entrar no Reino
Para entrar no Reino é preciso nascer de novo, tornar-se como criança e buscar primeiro a justiça de Deus acima de tudo.
Иса:
— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.
Иса:
— Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса Құдайдың Патшалығын көре алмайды.
Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».
Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:
Құдай Патшалығы сондайларға арналған!
Саған Құдай Патшалығына жол ашатын кілттерді тапсырамын; жер бетінде тыйым салғаныңды да, рұқсат еткеніңді де көктегі Әкем бекітпек, — деді.
Cidadãos do Reino
Os cristãos são concidadãos dos santos e membros da família de Deus, chamados a viver dignamente do Reino que receberam.
Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»! Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі.
Жоғалмайтын байлыққа ие болу туралы
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға «екінші өлім» билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.
Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер, ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.