Pular para o conteúdo
Publicidade

Қорынттықт. 2-хат 13

Әркімнің өзін сынап, түзелуін ескерту

1 Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс13:1 Яки: сөз (Заң 19:15). ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін). 2 Екінші рет қастарыңда болған кезде ескерткенмін, қазір де сендерден алыс жүріп, осы хат арқылы ескертемін: қайтадан барғанымда бұрын күнә жасағандарды және кез келген басқаларыңды да еш аямаймын!13:2 10:2,11; 12:20; Қор1 4:19-21; 5:5.3 Мен арқылы Мәсіх шынымен айтып тұр ма, жоқ па, соған дәлел талап етіп отырсыңдар. Мен бұған былай деймін: өздеріңе әрекет жасағанда Мәсіх күшсіз емес, Ол араларыңда күшті болады. 4 Кезінде Мәсіх өз құдіретінен бас тартып, айқышқа шегеленіп өлсе де, қазір Құдайдың құдіретімен тірі! Онымен тығыз байланыстағы біз де күшсізбіз, алайда сендерге әрекет жасағанда Құдайдың құдіреті арқылы Мәсіхпен бірге тіріміз!

5 Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер! Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар: әрине, жүректеріңнің төрінен Иса Мәсіхтің орын алғанын білесіңдер. Егер Ол орын алмаған болса, шынымен сенім жолында емессіңдер!13:5 Яки: орын алғанын ұқпайсыңдар ма? Әрине, сол сынақтан өтсеңдер (яғни шынайы сенушілер болсаңдар) ғана осылай болғаны (Жох1 3:6-10; 3:21-24; Рим 8:5-14; Қор1 11:28).6 Алайда біздің (елшілік өкілеттілігіміздің) дәлеліне көздерің жететін болады деп сенемін. 7 Дегенмен, сендер бұдан былай жамандық жасаудан бас тартсын деп Құдайдан өтініп сиынамыз. Ондағы мақсатымыз — біздің абыройлы болып көрінуіміз емес, сендердің жақсылық жасауларың. Егер осылай (бізге елшілік өкілеттілігіміздің дәлелін келтіруге орайы болмай) өзіміз абыройсыз болып көрінсек, мейлі, солай-ақ бола қойсын.13:7 Себебі, егер олар өкініп, түзелсе, елшінің алдын ала айтқан қатаң шара қолдануының реті болмай қалады; сонда кейбіреулері оны тағы да айтқанынан тайды деп айыптайтын шығар (1:16-17).8 Себебі біз ақиқатқа қарсы емес, ақиқатты жақтап күш саламыз.13:8 Яки: ақиқатты жақтап күштіміз.9 Өзіміз күшсіз, ал сендер күшті болсаңдар, соған қуанып шаттанамыз. Дәл осыны, түгелдей түзелулеріңді, сұрап Тәңір Иеге сиынамыз. 10 Сондықтан бұларды алыста жүріп өздеріңе жазып отырмын. Иеміздің маған күйрету үшін емес, нығайту үшін берген билігін сендерге барған кезімде қатаңдықпен қолданғым келмейді.

Соңғы сәлемдер мен ақ бата

11 Сонымен, қымбатты бауырластар, қош-сау болыңдар! Түзеле беріңдер, жігерленіңдер, бір ниеттес, тату болыңдар! Сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың бастауы — Құдай сендерге жар болады. 12 Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,13:12 Немесе: Бір-біріңді қасиетті сүйіспен сүйіп. (Яғни шын жүректен беттеріңнен сүйіп: Қор1 16:20.) сәлемімізді жеткізіңдер. Құдайдың барлық адамдары сендерге сәлем жолдауда.

13 Лайым Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен қарым-қатынастарың бәріңде бола берсін! (Аумин.)

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também