Pular para o conteúdo
Publicidade

Descansar no Senhor

Por Bíblia Online

Descansar no Senhor é um ato de fé. Em um mundo agitado, Deus nos convida a entregar nossas ansiedades, aquietar o coração e confiar plenamente em sua provisão e cuidado.

O convite ao descanso

Jesus convida os cansados e sobrecarregados a irem a Ele e encontrar descanso para as suas almas. O jugo dele é leve.

Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,

Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,

Менің қасыма келіңдер, бәрің,

Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!

Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,

Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,

Тыныштық табады сонда көңілдерің.

Себебі ыңғайлы — қамытым Менің,

Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».

Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп,

Күні бойы жүремін қайғы шегіп.

Басқа ұлттардың басшылары жиналар,

Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар,

Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары,

Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!

Өйткені Өзің менің қолдаушымсың,

«Қанатыңның аясында» шаттанамын.

Confiança e paz

Quem confia no Senhor encontra paz perfeita. A ansiedade perde o poder quando entregamos tudo nas mãos do Deus soberano.

Әрдайым ойын Саған бағыттаған

Әрі сенімін бір Өзіңе артқан

Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.

Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады:

— Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді.

Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек.

Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге

Жаңа күш-қуатты иемденеді де,

Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке

Самғай жөнеледі, алайда талмайды,

Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!

Esperar no Senhor

Esperar no Senhor renova as forças. A Bíblia nos ensina que aquietar-se diante de Deus e confiar em seu tempo é marca da maturidade espiritual.

Науқас жанның мінажаты

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады,

Жалбарынсам, Ием құлақ асады.

Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға,

Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға!

Жаратқанның оны құтқарып азат етуін

Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.

A fidelidade de Deus

Deus é fiel. Seus planos são de paz e esperança. Podemos descansar sabendo que Ele guarda e sustenta quem nele confia.

Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын. Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар.

Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты! Ол судың жағасында өсіп тұрған, тамырларын өзенге қарай созған ағашқа ұқсайды. Аптап ыстық келсе де, еш қауіптенбей, жапырақтары да әрдайым жасыл болады. Қуаңшылық жылы да алаңдамайды, ешқашан жеміс бермей қалмайды.

Жаратқан Ие:

— Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.

Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.

Аса Яһуда халқын осы іске жігерлендіріп былай деген болатын: «Сол қалаларды салып, оларды қабырғалармен әрі мұнаралармен қоршайық. Мықты бөренелермен бекітілген қақпалар да тұрғызайық! Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге бет бұрып сиынып келеміз, сол себепті ел әлі де біздікі. Иә, Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін біліп, орындауға ұмтылып келеміз. Содан Ол бізге барлық жағымыздан тыныштық сыйлады!»

Мұнан соң халық құрылысқа жаппай қатысып, табысқа жетті.

Олар төмен түсіп, қала шетіне жеткенде Самуил: «Қызметшің алға қарай жүре берсін, — деп бұйырды. Қызметші ілгері кеткеннен кейін Самуил Саулға: — Енді өзің кідіре тұр, саған Құдайдың не айтқандарын білдірейін», — деді.

• KyZoku •
1 pessoa deu Amém

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.