Қиын-қыстау кезең
1 Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште12:1 Немесе: ұлы (рухани) әмірші. Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа12:1 7:10; Мыс 32:32; Жыр 68:29; Мал 3:16. енгізілгендердің барлығы, құтқарылады.
Өлгендердің қияметтегі қайта тірілуі
2 Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады.
3 Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген12:3 11:33,35; 12:10. олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
4 Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады.12:4 Немесе: Көптеген адамдар әрлі-берлі жүгіріп, білімдері молая түспек. (Бірақ олар шынайы түсінікке қол жеткізбейді: Ерм 5:1-2; Иш 1:4; 6:9-10.) — (Маған келген хабаршы12:4 10:5-6,11,16,18. айтқандарын осылай тамамдады.)
Даниялдың көрген соңғы аяны әрі жазбаның қорытындысы
5 Бұдан кейін мен, Даниял, қарасам, басқа екі хабаршы пайда болыпты: біреуі өзеннің бір жағасында, екіншісі қарама-қарсы жағасында тұр екен. 6 Солардың біреуі үстіне ақ бәтес киім киген. Ол өзен суының үстінде тұрған басқа хабаршыдан:12:6 10:4-6.
— Осы таңғаларлық ғажап оқиғалар жүзеге асқанға дейін қанша уақыт өтуге тиіс? — деп сұрады.
7 Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:
— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге12:7 Яғни үш жарым жылға (7:25; 12:11-12). созылады! Құдайға бағышталған халықтың12:7 (8:24) Яки: Қасиетті халықтың. күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады!
8 Мен оның айтқанын естісем де, түсінбедім. Сондықтан мен одан:
— Мырзам, мұның бәрінің соңы не болар екен? — деп сұрадым. 9 Хабаршының жауабы мынау болды:
— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. 10 Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады.
11 Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн12:11 Шамамен үш жарым жыл (7:25; 12:7). өтеді. 12 Ал бір мың үш жүз отыз бес күн күтіп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркім бақытты болады!12:12 Яки: танытқан әркім жарылқанатын болады!
13 Өзің соңына дейін өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтіп, тынығасың.12:13 Иш 57:1-2. Ақыр заманда қайта тіріліп, (Құдайдың Патшалығындағы) өзіңе дайындалып қойылған үлесіңді12:13 Жыр 15:5-6,11; 118:57. иемденесің!