Seguir a Jesus
Seguir a Jesus é o convite mais transformador da Bíblia. Jesus chamou pescadores, cobradores de impostos e pessoas comuns para deixar tudo e segui-lo. Esse chamado continua vivo hoje.
O chamado de Jesus
Jesus disse: 'Segue-me'. Esse convite simples e poderoso mudou a vida de pescadores, publicanos e pessoas comuns ao longo da história.
Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін», — деді. Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
Мәсіхтің күнәкарларды тәубеге шақыруы әрі салықшы Матайдың шәкірттерге қосылуы
Иса сол жерден кетіп бара жатып, салық кеңсесінің қасында отырған Матай есімді салықшыны көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды. Сонда Матай орнынан тұрып, Исаға шәкірті болып ерді.
Келесі күні Иса Ғалилея аймағына бармақшы болды. Иса Філіпті тауып, оған: «Менің шәкіртім болып соңымнан ер», — деді.
Мәсіхтің жолымен жүруге белді бекем буу
Иса шәкірттерін ертіп жолда кетіп бара жатқанда, бір кісі Оған:
— Мырза, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді. Иса оған:
— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ, — деп жауап берді.
Басқа біреуге Иса:
— Маған шәкірт болып ер, — деді. Ол:
— Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады. Иса оған:
— Өлгендерін жерлеуді (рухани) өлілерге қалдыр! Ал сен ел аралап, Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жарияла! — деп тапсырды.
Тағы басқа біреу Исаға:
— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді. Иса оған:
— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.
O custo do discipulado
Seguir a Jesus exige renúncia. É preciso tomar a cruz diariamente, deixar tudo para trás e amar a Cristo acima de qualquer outro vínculo.
Мәсіхтің шәкірті болудың шарты мен сыйы
Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
— Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды. Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Петір Исаға:
— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз, — дей бастап еді. Иса былай деп жауап қатты:
— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады.
Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады.
Caminhar com Cristo
Quem segue a Jesus não anda em trevas, mas tem a luz da vida. Ele nos convida a crescer nele e a servir como Ele serviu.
Көктен түскен «Құдайдың Нұры»
Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді:
— Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді.
Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.
Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.
«Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес».Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.
Сендер Менің шешімдерімді орындап, ережелерімді сақтауларың керек. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.