Vida
A vida é um dom precioso de Deus. Desde a concepção até a eternidade, as Escrituras revelam o propósito, o valor e a plenitude da vida que o Senhor nos oferece.
Deus, o autor da vida
O Senhor é quem dá a vida e a sustenta. Cada ser humano foi formado por suas mãos com propósito e intenção divina.
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.
Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:
Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,
Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
Иә, әділдер атыңды мадақтайды,
Адал жандар көз алдыңда жасайды.
Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер,
Иемізге сенушілер елді иемденер.
Жүзім мен інжір ағаштарын құлатты,
Елдегі бар ағаштарды қиратты.
A vida em Cristo
Jesus é o caminho, a verdade e a vida. Nele encontramos sentido, plenitude e a promessa de vida abundante e eterna.
Иса оған:
— Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім.
Ал Иса оған:
— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді.
Сонда Иса оларға былай деді:
— Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді.
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Vivendo com sabedoria
A Bíblia nos orienta a viver com sabedoria, aproveitando bem o tempo, guardando o coração e buscando a vontade de Deus para cada dia.
Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін
Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.
Балам, зейін қойып сөзімді қабыл ал,
Сонда сенің ғұмырың ұзақ болар.
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,
Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,
Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Парасатқа иемденуші өз жанын ұнатар,
Естілікке мән беруші игілік табар.
Аузына ие болған өмірін сақтар,
Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.
Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,
Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.
Жаратқанды шын қастерлеу — өмірдің бұлағы,
Ол ажалдың торынан адамды алшақтатады.
Әділдік пен берік мейірім жолынан
Шын өмір, әділет, құрмет табады жан.
Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
A vida no dia a dia
Cada dia é uma oportunidade de glorificar a Deus. A Escritura nos chama a viver com propósito, confiança e fé prática.
Өтірікшілермен бірге отырмаймын,
Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,
Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.
Қамалыңның ішінде амандық болсын,
Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
Тума-туыс, дос-жарандарым үшін
Қалаға аман-есендік тілеймін.
«Күнәмді айтқым келмеп еді,
Сонда аяқ-қолым сырқырай берді,
Ыңқылдап жүрдім күні бойы.
Соларға жасаған қылмыстарына сай,
Істеген зұлым істеріне қарай
Тиісті жазаларын тартқыза гөр,
Лайықты қарымтасын қайтара гөр.
Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп,
Күні бойы жүремін қайғы шегіп.
Prioridades e eternidade
Jesus nos lembra que a vida é mais que comida e o corpo mais que roupa. O que importa é buscar o Reino de Deus e viver para a eternidade.
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой! Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Сондай-ақ осындай мәселелерді уайымдап, араларыңдағы қайсың өз бойын тіпті бір қарыс ұзарта алады?
Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда?
Бұдан кейін Иса халықты және Өзінің шәкірттерін қасына шақырып алып, оларға мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады.
Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? Адам өз өмірі үшін қандай құн төлей алады?Себебі кім осы опасыз, күнәкар ұрпақ арасында Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Әкемнің салтанатты ұлылығымен Оның қасиетті періштелерін ертіп көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын.
Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді.
Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану.
Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Құдайдың жолынан таймауды ескерту
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
Бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өз қолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер. Сөйтіп қауымнан тыс адамдардың алдында әдепті жүріп, еш нәрседен мұқтаж болмаңдар.
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой.
Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті.
Шынайы даналық жанжалға бастамайды
Араларыңдағы қайсың парасатты да саналысың? Сондай адам онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін.
Забурда мынадай сөздер жазылған ғой: Өмірді ұнатып, жақсы күндерді көруді қалағандар ауыздарынан жаман сөз шығармасын, өтірік айтудан да әрқашан сақтансын! Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасасын, татулыққа ұмтылып, сол үшін лайым күш салсын!
Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Өз уақыты бар әр нәрсенің
Өз уақыты бар әр нәрсенің,
Осы дүниеде істелінетін
Әр істің мезгілі бар өзінің.
Сендерге бүгін Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оның жолдарымен жүріп, өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындауды тапсырамын. Егер осылай істесеңдер, қазір кіріп, иемденгелі жатқан елде Құдай Иеміз сендерді жарылқап, осылайша аман-есен өмір сүріп, өсіп-өнетін боласыңдар.
Ата-анаңды сыйла!
Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
Басыңа енді жамандық түспейді,
Үйіңе ешбір апат та төнбейді.
Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,
Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.
Мұны көрген көпшілік Жаратқанды
Қастерлеп, Оған сенімін артады.
Менмендердің қолдауын сұрамайтын,
Жалғанға сүйенгендерге бет бұрмайтын,
Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқан
Әркім — өмір бақи қандай бақытты жан!
Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың,
Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың.
Игі істеріңді айтуға тырыссам,
Көптігі сонша, санауға жетпейді сан:
Саған тең келе алмас бірде-бір жан!
Жақсылығыма жамандықпен қайтарар,
Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.
Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым,
Ораза ұстап жанымды қалжыраттым,
Жаратқанға олар үшін жалбарындым.
Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,
Олар үшін дос-жарандай қамықтым,
Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.
Ағарған шаш — салтанатты тәж,
Ақ жолмен жүрген соған қол жеткізер.
Адам суға қарап өзінің бет-жүзін көрер,
Жүрегіне қарап өзінің кім екенін білер.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.